Ел азаматтарын сапалы білімге қолжетімдігін қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті. Бұл – бүкіл қоғамның дамуының басты факторы. Мектепті материалдық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуден бұрын білімді, білікті мұғалімдермен қамтамасыз етпей білім сапасын көтеру қиын. Сол себепті мұғалімдерді қолдаудың тағы бір тетігі іске қосылмақ.
Бұл жайлы мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысында айтты.
"Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім – мектептің жүрегі. Сондықтан мұғалімі жетіспейтін аймақтарға білімді ұстаздарды тартудың мемлекеттік арнайы бағдарламасын жасақтауды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.