Бітпейтіндей көрінетін грамматика ережелері, біртекті тапсырмалар шет тілін үйренуге деген құлшынысты жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан әр адам тіл үйренгенде өзіне сай келетін, ұнайтын әдісті таңдағаны жөн. Назарыңызға Тheory and practice жариялаған тіл үйренудің 7 әдісін ұсынамыз.
1. Аудиолингвизм
Бұл әдісте тыңдау мен сөйлеуге акцент беріледі және ассоциация, түсіндіру, салыстыру техникалары қолданылады.
Қалай қолдану керек?
• Шет тіліндегі аудионы тыңдап, сөздерді қайталауға тырысыңыз (күніне кем дегенде 20 минут)
• Сөздерге ассоциация жасау
• Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы заттарды сипаттаңыз
• Сол тілді меңгергендермен күн сайын әңгімелесіңіз
2. Тікелей әдіс
Бұл әдіс ақпаратты визуал тұрғыда жақсы қабылдайтындарға арналған. Оқытушы сөздердің аудармасын айтпай, затты, қимылды көрсетіп айтады. Бұл сөздерді есте сақтау процесін жылдамдатады. Мұндайда анықтауыш сөздер қиын боулы мүмкін. Сондықтан оқушы заттың қасиетін, сипатын өзі айтуы керек.
Қалай қолдану керек?
• Көргеніңіздің бәрін ауызша және жазбаша сипаттап үйреніңіз
• Заттың аудармасын емес, сол заттың өзін есте сақтаңыз
3. Лексикалық әдіс
Бұл әдісте сөздік қорға мән беріледі. Оқушы фразалық етістіктерді, тұрақты сөз тіркестерін, қанатты сөздерді оқып, тілді барынша жан-жақты үйренеді. Сонымен бірге олар сол тілде сөйлейтіндердің сөзін оңайырақ түсінеді.
Қалай қолдану керек?
• Көркем әдебиетті оқыңыз, фразеологиялық орамдарды жазып отырыңыз
• Мақал-мәтелді жаттағаннан кейін оның мағынасын түсіндіріңіз
• Қарапайым сөздердің аналогын іздеңіз
4. Эклектикалық әдіс
Бұл – кешенді әдіс, мұнда бірнеше әдістеме қолданылады. Оқушы жазу, оқу, сөйлеу, тыңдау қабілетін қатар дамытады. Оқытушы соның бәрін қамти отырып, тапсырмаларды рет-ретімен дұрыс беріп, оқушының әлсіз тұстарын дамытып отыруы керек.
5. Трансляциялық әдіс
Мұнда оқушы шет тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінікімен салыстырады. Карталар, квиз, ойын және сторителлингпен жұмыс істейді. Оқытушының міндеті – грамматикалық айырмашылық пен ұқсастықты түсіндіру.
Қалай қолдану керек?
• Жаңа грамматикалық ережені оқығанда оны өз тіліңдікімен салыстырыңыз
• Айырмашылығы мен ұқсастығын біліңіз
6. Коммуникативтік әдіс
Бұл әдісте сөйлеуге мән беріледі. Ана тілінде сөйлемеген жөн. Оқушының – міндеті сол тілдің ортасына еніп, барынша сол тілде сөйлеу.
Қалай қолдану керек?
• Егер белгілі бір сөзді білмесеңіз, соның синонимін немесе соған ұқсас сөздерді қолданыңыз
• Дебатқа қатысыңыз
• Жаңа сөздерді қолданып әңгіме айтыңыз
7. Жоба жасау әдісі
Мұнда оқушылар тек шет тілінде сөйлеп ортақ жасауы керек. Мысалы стартап жобасын жасап, соны ауызша қорғауға болады.