Санкция – латын сөзінен шыққан болып, sanctіo – "аса қатаң қаулы" дегенді білдіреді. Санкция бұл – құқықтық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары.
Әдетте санкция импорт пен экспортқа, сауда-саттыққа шектеу қоюмен пара-пар. Көп жағдайда санкцияның сыртқы саясатта үстемдігі басым. Бір-біріне кереғар екі мемлекет бір-біріне санкция салады. Олар осы арқылы қарсыласын үркітуді мақсат тұтады.
Мұндай текетірестің кері әсері санкция салынған елдің көршілеріне, әсіресе санкция салған елдің өзіне де тиеді.
Санкция салу себептері:
• Қиындықтың алдын алу;
• Ішкі саяси мүддені қорғау;
Санкция түрлері:
• Әкімшілік-құқықтық санкциялар (айыппұл‚ қамауға алу);
• тәртіптік-құқықтық санкциялар (қызметін төмендету‚ жұмыстан босату);
• қылмыстық-құқықтық санкциялар (ірі көлемдегі айыппұлдар‚ бас бостандығынан айыру);
• мүліктік санкциялар (шығынның орнын толтыру‚ айыппұлдар‚ тұрақсыздық айыптары‚ мәміленің күшін жарамсыз деп тану‚ т.б.).
• халықаралық санкциялар (мемлекет өзінің халықаралық міндеттемелерін немесе халықарық құқық нормаларын бұзғанда осы мемлекетке қолданылатын ықпал ету шаралары);
• "Несие санкциясы" (банктер тапсырыскерлеріне несие ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын экономикалық және басқа ықпал ету шаралары).