Кеше миды қозғап, аздап ойланатын қызықты сұрақтар беріп едік. Дұрыс жауаптарын да біле отырыңыздар.
1. Сағатқа қараған кезде тілі 2-ге келіп тұрғанда, «он» минут кеткенін айтамыз.
2. 5 литрлік ыдысқа су құйып, оны 3 литрлік ыдысқа құямыз, ішінде 2 литр су қалады. 3 литрлік ыдыстағы суды төгіп тастаймыз да, 5 литрлік ыдыста қалған екі литр суды 3 литрлік ыдысқа құямыз. Босаған 5 литрлік ыдысқа қайтадан су құйып алып, оның бір литрін 3 литрлік ыдыстың үстін толтырып құямыз. Сонда 5 литрлік ыдыста дәл 4 литр су қалады.
3. Бір тауық үш күнде бір жұмыртқа туса, 12 күнде бір тауық 4 жұмыртқа туады. Демек 12*4=48 жұмыртқа.
4. Ол – шаштараз.
5. Егер қазіргі күн 1 қаңтар болса, оның туған күні 31 желтоқсан. Алдыңғы күні (30 желтоқсанда) 17 жаста болды, кеше (31 желтоқсан күні) 18-ге толды, осы жылы 19 жасқа келеді, келесі жылы 20 жаста болады.
6. Алдымен бір шамды жағып, біраз күте тұру керек. Одан соң екінші шамды жағып, сәлден соң екі шамды да өшіру қажет. Бірінші жаққаныңыз – ыстық, екінші жаққаныңыз – жылы, үшінші жақпаған шамыңыз – салқын болып тұрады.
7. Тіс.
8. «Егер ана күзетшіден бақытқа апаратын есікті сұрасам, қайсысын көрсетеді?» деген сұрақ қойып, оның жауабын емес, келесі есікті таңдау керек.
9. Кофе түйіршік, ұнтақталған не ерігіш.
10. Алдымен екі ұлы отырады. Жағаға жеткен соң бірі әкесіне қайта келеді. Енді әкесі жалғыз отырады. Жағаның екінші бетіндегі ұлы қайта барып, бауырын алып келеді.
11. Бақтияр Асқардың бетін көріп, өзінікі де сондай кір деп ойлады. Ал Асқар Бақтиярдың таза екенін көріп, өзінің де беті таза деп ойлады.
12. Ол миллиардер еді.