Халықаралық олимпиададан жеңген оқушыларға 4,5 млн теңге беріледі. Мұны ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Қомақы сыйақымен бірге еліміздегі жоғарғы оқу орындарының гранты да беріледі. Салаға жауапты министрлік осындай шешім қабылдады.
Шешімге сәйкес, халықаралық жарыстарда топ жарған оқушылар алтын медаль үшін 4 жарым миллион, ал күміс жүлдеге – 3 миллион, қола үшін 1 жарым миллион теңгеден алады.
Сонымен қатар оқушыны дайындаған ұстазына да бір реттік төлем қарастырылған. Қазірдің өзінде қазақстандық оқушылар қоржынында 23 жүлде бар. Оның 3-еуі алтын.