Бүгін мектептерде сабақ басталды. Көпшіліктің көкейінде жүрген "үшінші тоқсан онлайн форматта өте ме?" деген сұраққа ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова жауап берді.
Оқушылар үшін
Гүлмира Кәрімова мәлім еткендей, мектептерде үшінші тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Оқыту әртүрлі форматта өтеді.
Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында оқыту қашықтан жүргізіледі.
"Біздің министрліктің ұстанымы мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқығаны және сол үшін де бар жағдайды жасайды", - деді Гүлмира Кәрімова.
Гүлмира Каримова бұл мектеп оқушылары үшінші тоқсан бойы онлайн режимде білім алады дегенді білдірмейтінін, эпидахуал жақсарса оқушылар дәстүрлі форматқа ауысатынын айтты.
"Техникалық құрал-жабдықтарды бөлу аяқталуға жақын. Оқушы саны 600-ден асатын басқа қалаларда да оқу қашықтан жүргізілетін болады. Сонымен қатар, мектептерде 1-2 сынып оқушылары қалыпты режимде оқиды. Соныммен қатар, 600-ден аз оқушысы бар мектептер үшін оқу әдеттегідей өтеді. Барлық ауыл мектептері үшін оқу дәстүрлі форматта болады", - деді Білім және ғылым министрлігінің өкілі.
Студенттер үшін
Еліміздің жоғары оқу орындарында көктемгі семестр 2022 жылдың 24 қаңтарында басталады. Бұл жағдайда университеттер каскадтық әдісті қолдана алады. Яғни, студенттердің жинақталуын барынша азайту үшін оқуды бастау оқу курсына/оқыту бағыттарына қарай 24 қаңтар мен 6 ақпан аралығында кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, бірінші курс студенттерін оқыту 24 қаңтарда басталса, екінші курста – 31 қаңтарда, үшінші және төртінші курстарда – 7 ақпанда басталады.
"Көктемгі семестрде оқу дәстүрлі/аралас форматта өтеді. Дәлірек айтсақ, ЖОО шешімімен оқу үдерісі дәстүрлі форматта немесе аралас форматта толығымен ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер онлайн түрде өткізіледі және практикалық және семинарлық/зертханалық сабақтар – офлайн болады.
Студенттердің практикасы да офлайн режиміндегі тәжірибелер негізінде жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда, 7 ақпанға дейін (немесе тиісті облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқытуға ауыса алады.
"Сондай-ақ министрлікпен келісе отырып, бірінші курс студенттері үшін оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етілді", - деді Гүлмира Кәрімова.