Оқушылар қалауымен мұғалім атанған автобус жүргізушісі

Оқушылар қалауымен мұғалім атанған автобус жүргізушісі
Фото: cnn.com

Массачусетс штатындағы мектептің автобус жүргізушісі Клейтон Уорд әкесі мен атасының жолын қуып, оқушыларды сабаққа апарады. Жоғары сынып оқушыларының айтуынша, Клейтон – тарихтың нағыз білгірі. Ол оқушыларды мектепке апара жатып түрлі тарихи оқиғаларды, қызық деректерді айтып береді екен. 30 жасқа толған Клейтоннан оқушылар тарих пәнінен сабақ беруін өтініп келеді. Автобус жүргізушісінің мұғалім атануға қалай ұмтылып жүргенін CNN жариялады

Клейтон он жыл бұрын оқуды тастап кеткен. Оқушылардың өтініші Клейтонды квалификациясы бар мұғалім атануға, оқуды қайта бастауға жігерлендіріп, жергілікті колледждердің бірінде жұмыстан кейін кешкі оқу бөлімінде білім ала бастайды. Оның айтуынша, оқу бағдарламасын меңгеріп, жұмысты істеп үлгеру үшін ол түскі үзілісте, түнде, бос уақытында сабақ оқыған. Осылай бір жыл ішінде курсты жоғары бағамен аяқтайды. 

4.0 GPA мен оқудағы өзге де жетістіктері үшін берілген Клейтонның марапаттары 

Енді ол тарих ғылымдарының бакалаврын иеленіп, мектепте сабақ беруі үшін Фрамингем университетінде оқуын жалғастырмақ.

"Егер балалар менің құлшынысымды оятып, өтініш айтпағанда, мұның ешбірі де болмайтын еді", - дейді ол.

Massaget.kz