- Негізгі бет
- Білім
- Оқуға түсе алмаған...
Оқуға түсе алмаған жастарды ағылшын тіліне оқыту жоспарланды
ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыссыз жастарды «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында ағылшын тіліне және компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұсынды.
«Біз оқуға түсе алмаған, оқу бітірген соң жұмысқа орналаса алмаған жастарды компьютерлік сауаттылыққа, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне үйретуді ұсынамыз», - деді Т. Дүйсенова.
Оның үстіне министр, жастар тәжірибесі аясында берілетін жалақыны 38 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін жоғарылатуды ұсынды.
«Үшіншіден, ҰБТ-ның шекті деңгейін ала алмаған мектеп бітірушілері үшін кәсіби жұмысшы мамандықтары бойынша, жұмыс берушілердің ұсынысымен төленетін 12 айлық оқытуды енгізу қажет деп санаймыз», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
Оның айтуы бойынша, аталған ұсыныстарды қабылдау үшін қажетті тиісті есептеу жұмыстары бір апта ішінде дайын болатынын xабарлады.
«Тағы бір ұсыныс, теxникалық және кәсіби білім беру мекемелеріне, колледждерге түсе алмаған жастарды еліміздің Қарулы күштеріне тарту бойынша жұмысты Қорғаныс министрлігімен жасақтау қажет деп ойлаймын. Осының аясында құрылыс батальондарын құру тәжірибесін жандандыруға болар еді және соның аясында мамандарымыз жетпей жатқан салаларға бағыттауға болады», деді Т. Дүйсенова.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы