COVID -19 пандемиясы Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы мамандардың, әсіресе медбикелердің жетіспеушілігін көрсетті. Барлығына мәлім, медбикелер – әр медициналық мекеме үшін маңызды қызметкерлердің бірі. Пациенттерге көмек көрсету және дәрігерлердің тиімді жұмысы оларға байланысты болады. Қарапайым тілмен айтқанда, медбикелер адам өмірлерін сақтап қалуда кәсіби көмек көрсетеді.
Сондықтан қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде медбикелердің орны мен рөліне, тәуелсіз мамандық ретінде мейірбике ісіне зор көңіл бөлінуде. Мейірбикелік білім берудегі үрдісті Назарбаев Университеті Медицина мектебі (NUSOM) ескеріп, 2017 жылдан бастап Медбикелер бакалавры бағдарламаcын оқытып келеді. NUSOM cтратегиялық академиялық серіктесі – Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі, барлық бағдарламалар бірлесіп жасалынады. Медицина мектебі мамандарды дайындауды екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыт бойыншы мектеп түлектері төрт жыл оқып, мейірбикелік іс саласындағы ғылым бакалавры (МІБ) дипломын алады. Екінші бағыт – мединикалық колледж негізіндегі дипломы және кемінде екі жыл кәсіби тәжірибесі бар мамандарға арналған екі жылдық оқу. Бағдарлама түлектері медбикелік іс бакалавры дипломын алады.
МІБ заманауи талаптарға сай. Ол Еуропалық Одақтың стандарттарына сәйкес бүкіл Қазақстандағы МІБ-тің алғашқы әрі жалғыз бағдарламасы болып табылады. Студенттер іргелі ғылым және гуманитарлық ғылымдар негізінде құрылған бағдарламаны және мейірбике ісі бойынша мамандандырудың міндетті теориялық курсын өтеді. Сондай-ақ, студенттерде модельдеу орталығында жаттығып, пациенттерді тікелей емдеу және аурухана жағдайында клиникалық білім алу мүмкіндіктері болады. Медбикелік іс бакалавры оқуына тәжірибесі әрі көп жағдайда жұмысы бар мамандар түсетіндіктен, NUSOM оқу мен жұмысты бірге алып жүру мүмкіндігіне жағдай жасады.
Әзірге қоғамда мейірбикеге ерекше біліктілігі жоқ қызметкер ретінде көзқарас қалыптасқанымен, Назарбаев Университетінің Мейірбикелік ісі бакалавры дәрежесін тәмамдау оның иесіне мейірбикелер қауымдастығына тіркелуге және аккредиттелген мәртебе алуға мүмкіндік береді. Мұндай мейірбикелер жоғары жалақы мен мансаптық болашаққа ие. Сонымен қатар, NUSOM студенттері әртүрлі факультеттік немесе студенттік ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып, болашақта білім алуын жалғастыруға мүмкіндік алады.
Бұл бағдарламаларға құжаттарды қабылдау 29 сәуірге дейін жүріп жатыр. Талаптар жайында толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.