- Негізгі бет
- Білім
- NASA видеосы: Күннің...
NASA видеосы: Күннің белсенділігі кейінгі 10 жылда қалай өзгерді?
Фото:
NASA Goddard
NASA ғарышты зерттеу басқармасы Күннің белсенділігін көрсететін таймлапс видео жариялады. Хронометражы – 61 минут. Оған Күннің 2010-2020 жылдар аралығында түсірілген суреттері қолданылған.
Видео Күн динамикасын бақылайтын обсерваторияның суреттерінен тұрады. Обсерватория Күннің Жерге тигізетін әсерін зерттеу үшін 2010 жылдың ақпанында іске қосылған. Аппарат он жыл бойы әр 0,75 секунд сайын бір сурет түсіріп, 425 миллион фотосуреттен тұратын қор жинаған. Әр суреттің көлемі – 4096х4096 пиксель.
Егер видеоға мұқият қарасақ, Шолпанды байқауға болады немесе Күннің тұтылуын көре аламыз.
Massaget.kz