- Негізгі бет
- Білім
- Наполеон IQ жайлы...
Наполеон IQ жайлы қайдан білген?
Сіз үшін ХХІ ғасыр көшбасшысының бейнесі қандай? Барлық жауапкершілікті өз мойнына ала алатын, интеллектуалды жағынан мықты, IQ бағамы жоғары тұлға деп ойласаңыз, бүгінгі мақала сізге арналады.
Осыдан бірер жыл бұрын барлық адам қалай IQ деңгейін көтеруге болады деген сұрақ төңірегінде бас қатырған еді. Көкейдегі сауалдарына жауапты талай кітаптардан да іздеген. Мәселен, соңғы статистика бойынша, Рюта Кавашиманың “60 күн” атты бағдарламалық кітабы әлем бойынша 2 000 000 данамен сатылған екен. Одан бөлек Т.Хорн және С.Вуттонның “Миға арналған супертренинг” атты кітаптары мен басқа да IQ-ді дамытуға арналған нұсқаулықтарға деген сұраныс миллионға жеткен. Алайда, адам ойының басты көрсеткіші тек IQ-мен ғана өлшене ме? Соңғы жаңалықтарға сәйкес зерттеушілер адамның жетістікке жету бағамын тек IQ-мен есептеу қателік дегенді айтады. Бүгінгі заман сұранысы: IQ және EQ-дің бірлесуі. Сіздің ойыңызша іргетасын қаламай үй салу мүмкін бе? Әрине, жоқ. Демек, кез-келген істің негізі, бастамасы болары сөзсіз. Олай болса, EQ негізгі іргетас, ал IQ жоғары көтеретін қабырға. Бірінсіз екіншісін елестетуге болмайды. Себебі бұл екі құралсыз картина ешқашан толық шықпайды. Сонымен, оларды қалай дұрыс көтеруім керек және өзара бірлесуі үшін не қажет? EQ – ол сіздің эмоциалық қорыңыз. Яғни, өзіңіздің эмоцияңызбен қатар өзгелердің көңіл-күйін басқара алу, әсер ету. EQ көрсеткішінің жоғары болуы – IQ-ді жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. EQ бағамы сіздің өмірге келген сəтіңізден басталады. Ондайда сіз қандай қарым-қатынасқа түстіңіз, отбасы, достар, мектеп қабырғасындағы достарыңыз жəне солай өмір бойы жинайтын эмоциялық қорыңыз. Сəйкесінше, көшбасшы болу – тек жауапкершілік алу, критикалық ойлау ғана емес, топтық жұмысты тиімді жасай білу. Білімі жеткілікті жандар өзгелерге өзімшілдікпен қарайды. Сондай-ақ, олардың білімінің таяздығына акцент қойып, жұмыстың жүруін тежейді. Сондықтан, эмоционалдық интеллекті жеткіліксіз көшбасшылар ең керемет жоспарлар мен стратегияларды іске асыру барысында көптеген қиындықтарға ұшырайды.
Осы тұста өткен ғасырдың үздік көшбасшысы Наполеонның көшбасшылықты бағалау моделіне зер салайық. Ол екі индикатордың матрицасы интеллект және энергетикадан тұрады. Аталмыш жүйенің әрекеті мынадай:
1. Ақылы мен ойлау деңгейі жоғары адамдар мен энергиясы көп болатын жандар – генералдар.
2. Жоғары ақыл-парасатқа ие адамдар мен энергиясы аз мөлшерде болатындар –командирлер.
3. Ақыл-ойы төмен адамдар және аз мөлшерде энергиясы барларға орындауда қиын емес, түсінікті және біліктілікті талап етпейтін тапсырмалар керек;
4. Зияткерлік қабілеті жоқ және көп күшке ие адамдар ең қауіпті саналады.Оларды офицерлік шеннен алып тастайды. Себебі олардың белсенді қызметі дұрыс емес бағытта жүзеге асады және нәтижеден гөрі көп проблемаларды тудырады.
Қорытындылай келсек, бұл теория бойынша екі негізгі тұжырым жасауға болады. Бірі: ақыл-ойды, соның ішінде алынған ақпаратты өңдеудің барлық жолдарын кеңейтсе екіншісі, сол ақыл-ойды дамыта алатынын байқауға болады. Бұл тұжырымдар бізге әрбір іске түрлі көзқарас танытып, өз қабілеттерімізді дамытуға мүмкіндік береді.
Бүкіл энергия – біртұтас. Кез-келген іске сіз өзіңіздің барлық қабілетіңіз бен энергиянызды жұмсайтын болсаңыз, жоғары нәтижеге қол жеткізетініңіз сөзсіз. Жақсы үй мықты іргестастан басталатынын ұмытпағайсыз.
А. Оралқызы