- Негізгі бет
- Білім
- Мұрат Әбенов: Жастар...
Мұрат Әбенов: Жастар білімді ақшаға айналдыра білу керек
«Атамекен» ҰКП Басқармасы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің сутденттері және Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылығы колледжінің білім алушыларымен кездесуде жастардың бизнес саласында белсенділігі және ерте бастан кәсібіне бейімделу жайын талқылады. Бұл туралы СҚО ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.
Мұрат Әбеновтің айтуынша, жыл сайын өңірдің жұмысқа қабілетті тұрғындары 1-3 пайызға азайып бара жатыр. Осындай қарқын алдағы уақытта каддр тапшылыған әкеліп соғады.
«Әлемдегі қалыптасқан жағдайдан көретініміз болашақта шамамен жұмыс орындарының 80 пайызы ШОБ саласында құрылады. Біздің сапарымыздың мақсаты - жастар білімін ақшаға және жұмыс орындарына айналдыра алуы үшін колледж және университеттерде коммерцияландыру орталықтарын құру», - деді Мұрат Әбенов.
Оның ойынша СҚО-да кадр жетіспеушілігі жоғары, оны шешу үшін оқ көші-қонын ұйымдастыру және студенттерді кәсіпкерлік дағдыларына үйрету қажет екен.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы