- Негізгі бет
- Білім
- Махаббат қуғаннан қашады...
Махаббат қуғаннан қашады
Атақты «Ромео және Джульетта» қойылымының авторы, махаббат дастаны арқылы әлемге танымал Уильям Шекспирдің бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған нақыл сөздерімен бөлісеміз.
1. Үнсіздік жансыздықтың белгісі емес. Іші бос адам ғана құр айқаймен өмір сүреді.
2. Артық мөлшердегі бал уақыт өте уға айналады. Дәмді нәрсенің мөлшері артқан сайын, өзінің құнарын жоғалтады.
3. Қиын шақта басты мәселеге емес, оның айналасындағы ұсақ-түйекке бола күйіп пісеміз.
4. Аз сөзде салмақ бар.
5. Махаббат қуғаннан қашады. Ал, қашқанды қуып жетеді.
6. Ақымақтық пен даналық жұқпалы жерт секілді. Сондықтан, досты дұрыс таңда.
7. Өткір сөздің өтімділігі айтылған тілге емес, естігін құлаққа байланысты.
8. Есімнің мағынасы қандай? Раушан гүлінің атын атасаң да, атамасаң да раушан гүлінің жұпарын береді.
9. Әрбір ессізідіктің бір түйіні бар.
10. Әдемілікке ғашық болуға болады, ал сүю – тек жанға тән.
11. Қарғаның былғанған қанатын ешкім байқамайды. Ал, аққу бір рет былғанған қанатын ағарта алмайды.
12. Бір ғана жанар арқылы махаббатты өшіріп, оны қайта тұтатуға болады.
13. Табыстың үш ережесі: өзгелерден артық білу; өзгелерден артық жұмыс істеу; өзгелерден аз күту.
14. Әлемде жақсы немесе жаман нәрсе жоқ. Тек біздің оларға деген қарым-қатынасымыз ғана бар.
15. Дауылды күні берілген серт тыныштық келгенде сөнеді.
Т. Есқали