- Негізгі бет
- Білім
- Қазіргі заман әйелдерінің...
Қазіргі заман әйелдерінің қызмет қыбланамасы
Арнаулы мамандығы бойынша жұмыс жасайтын қазіргі заман әйелі салауатыңызбен өз салаңызда алға шыққыңыз келсе кейбір ортақ принцптерге көңіл бөлуіңіз керек. Төменде жинақталған тәжірибенің сізге көмегі тиері даусыз. Әрине, әйел заты үшін отбасының ұйытқысы болу - ең басты міндет екенін де ұмытпағанмымыз абзал.
***
Өзіне сену
Өзіңізге деген сенімділігіңіз болмаса сіз жақсы қызметкер немесе жақсы басшы бола алмайсыз. Өзіне сенетін адам ғана үнемі жүзінен күлкі есіп, рухты көрінеді. Өзіне сенетін адамның қарым-қатынас жасауда қимылы шебер әрі батыл болып келеді. Басшылық тек осындай адамдар ғана компания немесе қызмет орынның уәкілі бола алады деп қарайды. Осылардың барлығы өзгелердің сізге деген сенімін қалыптастырады. Сізге маңызды міндеттер жүктеуде ешкім күдіктенбейтін болады.
***
Әріптестерімен тату болу
Өзгелерді қалай бағаласаңыз, өзгелер де сізді солай бағалайды, қадірлейді. Ең бастысы өзгелердің орынына өзін қоя отырып ойлау шеберлігі болу. Өзгелер қиындыққа жолыққан кезде жасаған ізгілігіңіз, тағы бір жақсылыққа ұласары даусыз. Ізгілік мейірімді оятады. Есіңізде болсын, қызмет те бейбіт соғыс алаңы. Әріптестеріңізді қиын жағдайдан құтқара біліңіз.
***
Еңбекшіл болу
Егер адам құлшынбаса, онда өмірден тиісті сыбағасын ала алмайды. Бұл бағзыдан келе жатқан өмір заңдылығы. Мейлі, ең қарапайым жұмысшы болыңыз, мейлі, бас бақылушы болыңыз, қызмет саласында табысқа жетудің алтын әріппен жазылған анықтамаларының бірі – жауапкершілік. Барынша тырысу, ыстық-суыққа төзе отырып жұмыс жасау. Қызметте ешқашан басшылықтың көзін көлегейлеймін деп ойламаңыз. Сіз кеңседе табанды істесем ғана жеткілікті деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, мұндай бақайқулық ұзаққа бармайды. Сіздің қызметке қаншалық зейін-зердеңізді жұмсағаныңыз өзгелердің көкейінде сайрап тұр. Көптеген қызметте табысқа жеткендермен сұхбаттаса қалсаңыз олардың барлығы дерлік қызметке жұмсаған зейіні өз қажетінен әлдеқайда артық екендігі жайлы айтады.
***
Табанды болу
Белгілі жұмысты басына шығармақ болсаңыз оған қайыспас табандылық керек. Мейлі, қай салада табысқа жетпекші болсаңыз да, әуелі нысанаңызды белгіліп, сосын табандылықпен кірісе біліңіз. Бір әйел заты бес жыл тырысу арқылы өзінің қарапайым курстың тәрбиелеу орталығын ірі мектепке айналдыра білген. Ал оның айтқаны - «Табандылық, тек қана табандылық!». Тарихтан бергі ірі қалалар бір күнде салынған емес, қызметтегі табандылық сізді қалай да табысқа жетелейді.
***
Сәтсіздікке жолыққанда салыныңыз суға кетпесін!
Сәтсіздік жайлы мамандар мынадай қорытынды жасайды: «Сәтсіздік – табысқа жетудің баспалдақтары». Әрине, бұл тек сәтсіздікке жолықса күйреп, салыны суға кететін адамдарға арналған сөз емес. Әр сәтсіздіктен бір сабақ ала біліңіз. Қызметте жеңу мүмкін емес болған қиыншылықтарға жолыққанда, өз жоспарыңызға өзгеріс енгізіп отыруыңыз керек. Сіз тап болған қиыншылық сізді тіпті де шуақты күндерге жетелеуі мүмкін. Бұдан да маңыздысы - өзіңізді өзіңіз жігерлендіре біліңіз.
***
Бәсекеден қорықпаңыз!
Қызметте бәсекелестерге кездесіп тұру қалыпты жағдай. Ал өзге бәсекелестеріңіз сізді қаншама тұқыртса да, сіз оларға дарқан көңілмен мәміле жасаңыз. Бәсекеден жалтармаңыз, қорықпаңыз. Қайта оған жылы жүзбен қарсы тұрыңыз.
***
Табансыз, тайғанақ болмаңыз!
Көптеген адамдар арада 10-20 жыл өткен соң өзінің түк тындыра алмағанын сезінеді. Міне, бұл табанының бүрі жоқ, тайғанақ адамдардың «жетістігі». Бір қызметтен екінші қызметке аз ғана пайда үшін ауысатындар көп. Бір мекемеде жинаған бар тәжірибеңіз екінші мекемеде іске аса қоюы мүмкін бе?.. Бір жұмысты қашан да табысқа жеткенге дейін табандылықпен істеңіз. Көз алдағы үлкен олжадан сізге тиіттей де несібе болмай қалғаны үшін жұмыс орыныңызға өкпелеп, кете көрмеңіз.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек