Қазақтың вундеркинді университетті 15 жасында аяқтайды

Он төрт жастағы ҚБТУ-дың үшінші курс студенті Абзал Мырзаш келесі жылы бакалавр дәрежесін алуға дайындалып жатыр.

Бүгінде Абзал “ақпараттық технологиялар” бағыты бойынша білім алады және университетті бітіргеннен кейін Массачусетс технологиялық институтында магистратураға түсуді жоспарлап отыр. Жас данышпан бір уақытта бірнеше басқа мамандықты игеріп жатыр.


“Соңғы күндері бүкіл әлем тоғыз жасар бельгиялық Лоран Симонстың ерекше қабілеттерін талқылап жатыр. “Электротехника” мамандығы бойынша оқитын жас талант тез игеру қабілетімен адамдарды таң қалдырған. Біздің елде дарынды балалар көп. Біз Абзалдың ғылым әлемінде өз ізін қалдыратынына сенімдіміз”, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нидерландтағы Эйндховен Техникалық университетін биыл Лоран Симонс атты 9 жастағы вундеркинд аяқтайтынын жазған едік.