"Қазақтелеком" АҚ Microsoft Lync-ті өз қызмет көрсету саласына енгізбек, деп хабарлайды Tengrinews.kz компания басшысы Қуанышбек Есекеевпен болған онлайн-конференциядан соң. Бұл қызмет түрі Skype-пен функционалдық жағынан да өте ұқсас көрінеді.
Оның айтуы бойынша, тұтынушылардың шынайы уақыт ішінде бір-бірімен сөйлесуі үшін провайдер коммуникациялық клиент-бағдарлама қызметін іске асыру үшін жұмыс істейді. Бұл қызмет түрі де Skype сияқты барлық коммуникация түрлерін оның ішінде: жылдам хабарламалар, бейне-дыбыстық байланыстар, конференциялар және файлдардың алмасуын еркін қолданады. Одан басқа Microsoft Lync әңгімелесушінің жұмыс алаңына да жасырын түрде қосыла алады.
Ескерте кететін жағдай, Microsoft Skype-тан айырмашылығы оның ақылы түрде жүзеге асатындығы. Есекеевтің айтуы бойынша, коммуникациялық клиент 2012 жылдың аяғында сатылымға шықпақ. Бағасы әзірге белгісіз, бірақ мысал ретінде айтсақ, шет мемлекетте бұл бағдарлама 250 доллар тұрады. Айта кету керек, негізінен бұл өнім ең бірінші корпоративтік секторға қызықтырақ болуы мүмкін.
Одан бөлек, Есекеев компания "бұлттық технология" деп аталған тың жаңалықты енгізбек. "Оның ең басты артықшылығы - капиталдық шығындарды азайту. Осылайша серверлер мен лицензияларды сатып алғаннан гөрі инновациялық қызметтерді қолдану тиімді. Сонымен бірге 2012 жылдың 1 қазанынан бастап Microsoft Hosted Exchange және Microsoft Hosted SharePoint қызметі үшін тесттік тарифтік жоспарлар қолжетімді болмақ. Аталған қызметтерді әр тұтынушы жеті күн бойы тегін қолдана алады", - деп келтірді өз сөзін Есекеев. Қосымша айта кетсек, Microsoft Hosted Exchange "бұлттық қызметінде" бір мегабайтты сақтау құны 400 теңгені құрайды.
сурет: google.com
Дайындаған: Болат Қосмағамбет