- Негізгі бет
- Білім
- Жылай алмайтын жандар...
Жылай алмайтын жандар
Жас адамның әлсіздігін көрсетеді. Бұл адамның екінші адамға деген қарым-қатынасын көрсетеді.Ұрысып тұрған адамның алдында жылай салу кішкентай кезден қалыптасатын дағды. Алғашында қорыққаннан пайда болатын көз жастың пайдалы тұсы бар.
Ол – алдыңдағы адамға қатты әсер етуі мүмкін. Кейін көз жасының осы тұсын байқаған бала кейін «қит» еткен нәрсеге жылап жіберетін болады. Тіпті бала жылап қорқытатын әрі үлкендерді бағындыратын болады.
Жылай алмайтын жандар
Ия, жылай алмайтын адамдар да болады екен. Кассель университетінің профессоры Корд Бенеке зерттеу жүргізіпті. Ол жылай алатын және жылай алмайтын адамдардың айырмашылығын табу үшін 120 ашық терапевтикалық сұқбат жүргізген. Зерттеу нәтижесінде жылай алмайтын адамдар өзгерлерден затты күштеп алуға бейім екендігі байқалған. Жылап қалатын адамдарға қарағанда жыламайтын адамдар дұрыс қарым-қатынас құра алмайды екен. Мұндай адамдар көбіне ашушаң, қатыгез келеді екен.
Жастың адамның ағзасына кері әсері туралы ешқандай зерттеу жүргізілмеген. Жас жан мен тәнді жағымсыз әсерден тазартарады деген аңыз тараған. Зерттеушілер бір тәжірибеде көеремендерге мұңды фильм көрсеткен екен. Зерттеушілер кинотеатрға кірмес бұрын және одан шыққаннан кейінгі әсеріне көңіл аударған. Жылаған көрермендер өздерінің әсерін де әсерлі жеткізген екен. «Рахаттандым» деген жауаптар көптеп естілген екен. Мұңды фильм көріп жылап шыққан адамдарға 90 минуттан кейін қараса, киноны көрмес бұрынғы көңіл-күйінен де көңілді сезінген екен.
Чарльз Дарвин жастың адамға қажеті жоқ артық дүние деп есептеген екен. Натуралисттің қателескені белгілі. Себебі кей адамдардың көз жасы біреулерді табыстырады, сөзбен жеткізе алмағанды көз жасымен жеткізеді, ашуға булығып, айқайлай да алмай, бар ызасын жасымен шығарып алады.
Сонымен көз жасының не үшін және адам ағзасында қалай пайда болғаны адамзатқа жұмбақ болып отыр. Осы бір сәтте тағы бір қызық сұрақ туады. Адамның көз жасы неге мөлдір әрі неге су тәрізді? Қалай ойлайсыздар?
Г. Берік