Күн сайын желіде мыңдаған терминдер мен түсініктер қалыптасады. Кейбіреуі жетіліп, күнделікті қолданысқа еніп жатады. Соның ішінде заманауи адам трендтегі жаңа ұғымдармен таныс болуы тиіс. Соның бірі лонгрид. Желіде ұзақ мәтіннің оқылмайтыны белгілі, өйткені, адамдар ғаламторды тек жылдам әрі қысқа да нақты ақпарат алу үшін қолданады Бірақ, лонгрид ұғымымен таныс адам, ұзақ мәтін арқылы адамды қызықтыруға болатынын жақсы біледі. Лонгрид ағылшын тіліндегі Long ұзақ, Read оқу деген сөзінен пайда болған. Лонгридті оқуға оқырман ұзақ уақытын жұмсайды. Бірақ, лонгрид сіз ойлағандай іш пыстыратын жай ғана мәтін емес. Бұл мәтін, видео, инфографика, презентация мен музыканы талап ететін жиынтық ақпарат. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олар тек мәтінді толықтырып қана қоймайды, оқырманға жаңа ақапарат беріп отырады. Мұндай ақпарттық құрылғыда мәтінің мағынасының үйлесімділігі, оның өзге бөліктермен дұрыс байланыс орната білуі маңызды. Тіпті, мәтіннің өлшемі, түстері да маңызды рөл атқарады. Лонгрид бірнеше тақырыпты қамтымайды, тек бір тақырыпқа жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізеді. Лонгрид нағыз аналитикалық ақпарат көзі. Лонгридтің авторларының негізгі мақсаты оқырманның назарын өзіне аударып, оған ерекше хикаяны баяндау. Бірақ, хикая қазір өзекті тақрыпытағы мәселенің шешімін табуға тырысуға керек. Назарларыңызға Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің (IITU) Электронды журналистика саласы бойынша білім алып жатқан 2-курс студенттерінің дайындаған лонгридін ұсынамыз: Әуедегі бизнес:Қазақстанның әуе қозғалыс индустриясы