- Негізгі бет
- Білім
- Жұмысқа қабылдау барысында...
Жұмысқа қабылдау барысында қойылатын сұрақтар
Forbes HR менеджерлер жаңа маманды қабылдау емтиханы – әңгімелесу кезеңінде қойылатын сұрақтар тізімін жасады. Сіз де жауап беріп көріңіз.
Танысу сұрақтары:
Ереже бойынша кез келген әңгімелесу кезеңі танысудан басталады:
• Өзіңіз туралы аздаған мәлімет беріңіз.
• Біздің компания (мекеме, басылым) туралы не білесіз?
• Бұл вакантық орын туралы қайдан білдіңіз?
• Сізді не шабыттандырады?
Сіздің тәжірибеңіз бен кәсіби биографияңызға қатысты сұрақтар:
Жұмысқа қабылдаушы сіздің тәжірибеңіз туралы білуі шарт. Сол арқылы бос орынға дайынсыз ба, мекемеге сай келесіз бе шешім қабылдай алады.
• Өзіңіздің тәжірибеңіз туралы толығырақ айтсаңыз.
• Қазіргі жұмысыңызды неге ауыстырғыңыз келеді?
• Бұрынғы мекемеден неге кеттіңіз?
• Бұрын кездестірген кәсіптік қиын мәселені айтып, одан қалай шыққаныңызды түсіндірсеңіз.
• Тапсырманы орындау үшін, мекеме талабын орындамаған кезіңіз болды ма?
• Қай жетістігіңізбен мақтанар едіңіз?
Жаңа қызметке байланысты сұрақтар:
Жауаптар белгіленген қызмет түріне байланысты өзгеріп отырады. Бірақ, сұрақтар ұқсас келеді.
• Өзіңізді неге осы лауызымға лайықты санайсыз?
• Сізде осыған сай келетін тәжірибе бар ма?
• Сізді бұл ваканттық орын неге қызықтырды?
• Бұл жұмыс сіздің мансап жолындағы жоспарларыңызға сәйкес келе ме?
• Жұмысқа қашаннан бастап кірісе аласыз?
Адамдармен қарым-қатынас дағдысы туралы сұрақтар:
• Басшыңызбен немесе әріптесіңізбен араларыңызда кикілжің болған сәт болды ма?
• Топтық жұмыс жасай алатыңызға сенімдісіз бе?
• Бұрынғы бастығыңыз бен әріптестеріңіз сізді қалай сипаттар еді?
• Өзіңіздің жұмыс істеу стиліңізді қалай сипаттайсыз?
• Егер басшыңыздың әділетіз әрекетін көрсеңіз не істер едіңіз?
Жаңа жұмыс орныңыз туралы сұрақтар:
Бұл сіздің әңгімелесу кезеңіне қаншалықты дайындалғаныңызды анықтауға көмектеседі?
• Біздің компания туралы не білесіз?
• Біздің өнімді тұтынып көрдіңіз бе?
• Біздің қызметкерлердің арасында танысыңыз бар ма?
• Компанияның сайты туралы не ойлайсыз?
Айлық туралы сұрақтар:
• Бұрынғы қызметіңізде қанша айлық алдыңыз?
• Айлыққа байланысты қоятын талабыңыз бар ма?
• Сізге керекті айлық мөлшері қандай?
Қорытынды сұрақтар:
• Сұрағыңыз бар ма?