Биыл Қазақстан оқушылары халықаралық пәндік олимпиададан бірнеше жүлде алды. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек. Бұл жайлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлім етті.
"Білім саласында жағымды жаңалықтарымыз бар. Биыл бірнеше қазақстандық оқушы халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды. Мұндай дарынды оқушыларды жан-жақты қолдау қажет. Біз бұл оқушыларға ЖОО-на түсу үшін білім беру гранттарын тағайындаймыз әрі ақшалай сыйақылар берілмек", - деді президент.