Грек әліпбиі – Грек тілініӊ және грек тілі тобыныӊ басқа да тілдерініӊ әліпбиі. Б.з.б. IX ғасыр соӊы б.з.б. VIII ғасыр басынан бастап үзбей қолданылады. Ғалымдардыӊ болжауы бойынша, грек әліпбиі дауыссыз дыбыстармен бірге дауысты дыбыстар үшін бөлек әріптерді қолданылған бірінші әліпби. Әліпбиде барлығы – 24 әріп бар.
Классикалық ортақ грек алфавитінде 27 әріп болған, Ϟ, ϟ (koppa) және Ϡ, ϡ (sampi) белгілері тек сандарды жазу үшін қолданылып, кейіннен қолданыстан шығып қалды. 6 санын жазу үшін Ϝ, ϝ дигаммасы қолданылды. Архаикалық грек әліпбиінің [en] Ͱ, ͱ (хета), Ϻ, ϻ (san) белгілері де қолданыстан шығып қалған.
Тарихы
Грек алфавиті финикиялық алфавит негізінде дамыды және ежелгі грек жазу жүйелерімен байланысты емес.
Финикия жазуы — финикиялықтардың б. з. д. 2-мыңжылдығының орта шенінде пайда болған консонанттық жазуы. Оның тегі иероглиф пішіндес Синай буын жазуы болуы мүмкін. Алғашында Финикия жазуының 22 таңбасының әрқайсысы дауыссыз бен дауысты дыбыс тіркесінің сәйкестігі ретінде танылса, ал кейін оның тек дауыссыздар сәйкестігі екені анықталды. Финикия жазуы — арамей жазуы арқылы еврейдің текше (квадрат) жазуы мен араб жазуының, сонымен бірге Орталық Азия мен Үнді жазуларының негізінде жатыр. Латынға негізделген бүкілеуропалык жазу жүйесінің тегі де Финикия жазуына барып тіреледі.
Финикиялық жазуды алған гректер оны айтарлықтай қайта құрылымдады. Ең маңызды өзгеріс грек жазуында дауысты дыбыстарға арналған арнайы әріптердің енгізілуі болды. Финикия жазуының гректер нұсқасын кейін римдіктер пайдаланды.
Атауы
Финикиялық алфавиттің әрбір әріпі бір әріптен басталатын сөз деп аталды; осылайша, бірінші әріп Алеф ("бұқа"), екінші әріп — Бет ("үй"), үшінші әріп — Гимель ("түйе") деп аталды.
Гректер осы әріптерді қолданды. Тек, әріптердің атаулары грек фонологиясына сәйкес болу үшін сәл ғана өзгертілді. Сонымен, алеф, бет, гимель барлық мағынасын жоғалта отырып, "альфа, бета, гамма" атанды. Кейін кейбір әріптер әліпбиге қосылғанда немесе өзгертілгенде мағыналы атауларға ие болды. Мысалы, омикрон және омега сәйкесінше "кіші o" және "үлкен О" дегенді білдіреді.
Әріп көне грекше қазіргі грек қазақша
1. Α α ἄλφα άλφα альфа
2. Β β βῆτα βήτα бета (вита)
3. Γ γ γάμμα γάμμα-γάμα гамма
4. Δ δ δέλτα δέλτα дельта
5. Ε ε εἶ - ἒ ψιλόν έψιλον эпсилон
6. Ζ ζ ζῆτα ζήτα дзета (зита)
7. Η η ἦτα ήτα эта (ита)
8. Θ θ θῆτα θήτα тета (фита)
9. Ι ι ἰῶτα ιώτα γιώτα
10. Κ κ κάππα κάππα κάπα каппа
11. Λ λ λάβδα λάμβδα λάμδα λάμβδα лямбда (лямда)
12. Μ μ μῦ μι μυ мю (ми)
13. Ν ν νῦ νι νυ ню (ни)
14. Ξ ξ ξεῖ ξῖ ξι кси
15. Ο ο οὖ ὂ μικρόν όμικρον омикрон
16. Π π πεῖ πῖ πι пи
17. Ρ ρ ῥῶ ρω ро
18. Σ σ ς σῖγμα σίγμα сигма
19. Τ τ ταῦ ταυ тау (тав)
20. Υ υ ὖ ὖ ψιλόν ύψιλον ипсилон
21. Φ φ φεῖ φῖ φι фи
22. Χ χ χεῖ χῖ χι хи
23. Ψ ψ ψεῖ ψῖ ψι пси
24. Ω ω ὦ ὦ μέγα ωμέγα омега
Ғылым мен техникада қолданылуы
Грек әліпбиі ғылым мен техникада кеңінен қолданады.
Астрономияда: шоқжұлдіздардағы ірі жұлдыздарды белгілеу үшін;
Математикада: айнымалы шамаларды, коэффициенттерді, тұрақтыларды, амалдарды (қосындылау — Σ, көбейтінді — П және т. б.);
Геометрияда: бұрыштарды, жазықтықтарды, кейбір пішіндерді;
Физикада: физикалық шамаларды, тұрақтыларды, элементарлық бөлшектерді, сәулеленуді және т.б;
Химияда: органикалық қосылыстардыӊ байланысыныӊ деӊгейі;
Биологияда: жеке дарақтыӊ топтағы әлеуметтік деӊгейін белгілеу үшін;
Лингвистикада: фонетиалық транскрипцияда дыбыстарды белгілеу үшін қолданылады.