- Негізгі бет
- Білім
- Гарвард университетінің 5...
Гарвард университетінің 5 тегін онлайн-курсы
Гарвард – АҚШ-тағы ең танымал, беделді университеттің бірі. Оның түлектері қатарында Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг, астрофизик, танымал ғалым Нил ДеГрасс Тайсон, заңгер, бұрынғы бірінші ханым Мишель Обама және АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннеди бар. Бәлкім, осы беделді университетте оқу көптің арманы шығар. Ал осы арманға жақындай түсу үшін назарыңызға Гарвардтың бес тегін онлайн-курсын ұсынамыз.
Әділет
Курс орыс тілінде
Оқу мерзімі – 12 сағат
Профессор Майкл Сэндел – бірнеше кітап пен білім беру курстарының авторы. Ол "Әділет" деген курсына саяси философияға арналған классикалық авторларды (Аристотель, Джон Локк, Иммануил Кант, Джон Стюарт Милл мен Джон Ролстың шығармалары), сонымен қатар қазіргі сот практикасындағы істерді енгізген. Бұл курс лекцияларын Vert Dide аудармашылар тобы орыс тіліне аударған.
Курс ағалшын тілінде
Оқу мерзімі – 5, 6 және 8 апта
Аталмыш курс дәрігер мамандығына қызуғышыларға пайдалы. Биология профессоры Дэвид Кокс биоэлектризмнің, нейрон желілері мен нейрондар арасындағы байланыс жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, сигналдардың миға қалай енетінін және оны қалай өңдейтінін айтады. Оқу циклі үш бөлімнен тұрады.
CS50: бағдарламалау негіздері
Курс орыс тілінде
Оқу мерзімі – 12 апта
Бұл курс бағдарламалаудың негізгі ұғымдарын түсінгісі келетіндерге қызық болады.
Әдетте бағдарламалау негіздері бойынша дәрістер күрделі болады. Ал профессор Дэвид Маллон өз дәрістерінде оны қарапайым тілмен түсіндіреді. Бұл курстан сіз информатика және бағдарламалау негіздері, алгоритмдер және ойлау алгоритмдері, C бағдарламалау тілі, scratch визуал тіл негіздері, мәліметтер базасы мен SQL негіздерін үйренесіз.
Курс ағылшын тілінде
Оқу мерзімі – 10 апта
Аталмыш курс оқытудың қолданыстағы қағидаларын түсініп, өзіне лайықтысын пайдаланғысы келетіндерге қызық болады.
Бәріміз жұмыста, курсқа барғанда немесе кітап оқығанда әртүрлі оқу ережелеріне сүйенеміз. Материалды игеру тәсілдерімізді нақты анықтап, сипаттай білу маңызды. Профессор Ричард Элмор сіздің жеке оқыту теорияңызды қалай анықтауға болатынын (сіздің құралдарыңыз, ережелеріңіз бен қағидаларыңыз), оқытудың әртүрлі нұсқаларында көшбасшылық қалай өзгеріп жатқанын, нейрологияның білімге деген көзқарасты қалай өзгертетінін баяндайды.
Курс ағылшын тілінде
Оқу мерзімі – 12 апта
Бұл курс әлем классикасын оқығысы келетіндердің барлығына пайдалы.
Мектептен кейін көпшілігіміз классикалық туындылардың бетін ашпаймыз. Себебі ақпарат жылдамдығы мен технология дамыған заманда өмір ағымына ілесіп ғұмыр кешу оңай емес. Әлем әдебиетінің жауһарларына арналған Гарвард курсы сізге ең қиын шығарманы оқуға деген қызығушылығыңызды тудыра алады. Оқытушылармен бірге Сіз Гомердің "Одиссеясын", Вольтердің "Кандидын", сондай-ақ Салман Рушди мен Джумпа Лахиридің шығармаларын талдайсыз, жазушыларға өздері тұратын елдердің мәдениеті қалай әсер ететінін түсініп, көркем материалға сыни тұрғыдан қарауды үйренесіз.
Т. Раушанұлы