1930 жылданн бастап әрбір он жыл сайын IQ тест қорытындысы жоғары көрсеткішке ие болған. Бұл тенденция Флинн эффектісі деп атайды. Себебі, адам санасының өзгерісіне зерттеу жүрген Джеймс Флинн (James Flynn) осындай өзгерісті аңғарған.
Бұндай заңдылықтың қалыптасуына бірнеше себеп бар:
• Өмір сапасының артуы: отбасыдағы бала санының азаюы, жүктілік кезінде күтімнің артуы. Ата-ана баланың дамуына мән беріп, оның жоғары оқу орнына түсуін қамтамасыз етеді.
• Білім сапасы артты.
• Еңбек ету ерекшеліктері өзгерді: қара күшті талап ететін еңбек түріне қарағанда, ақыл мен ойды талап ететін жұмыстардағы жалақы мөлшері жоғары.
• Мәдени ортаның өзгеруі: заманға сәйкес, адамдар кітаптар, интернет пен әлемдік қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие. Олардың ойлау жүйесінің дамуына әсер етуші факторлар көп.
• Адамдар IQ-тест сұрақтарына жауап беруге дағдыланған: логикалық сұрақтар, жұмбақтар, түрлі желілік ойындар адам санасын бұл сұрақтарды қалыпты тапсырма ретінде қабылдауға жаттықтырды.
Ата мен әжелерімізге қарағанда біздің ойлау жүйеміз жылдам. Дегемен, бұл біздің балаларымыз бізден ақылды болады дегенді білдірмейді.
Дамыған Еуропа елдерінде Флинн антиэффектісі байқалған: 2000 жылдан кейін зияткерлік өлшемнің дамуы тоқтап қалған, тіпті төмендей бастады.
Ғалымдардың пайымдауынша, зияткерлік өлшемге әсер ететін сыртқы орта әсері өзінің жоғыры деңгейіне жетті. Адамдардың еті әбден үйреніп қалғаны сонша, одан артық даму үрдісі жүруі қиындау. Сана тек өзгерістер орын алған кезде ғана үздіксіз дамиды дейді.
Біз қағаздағы тапсырмаларды оңай шеше аламыз, бірақ, бұл біздің шнайы өмірімізге жағымды әсерін тигізе ме? Адам – робот емес, қателіктер ақпаратқа саналы түрде берген бағамыз бен оны қабылдауымыздан да туындауы мүмкін. Сіздің ойыңызша, адам санасының әлсіреуіне не кедергі?