- Негізгі бет
- Білім
- Феминизм және гендер...
Феминизм және гендер ұғымы
"Феминизм" термині алғаш рет XIX ғасырдың басында пайда болды. Бастапқыда бұл терминнің мәні бойынша халықтың санасында қалыптасқан әйел болмысын жою, оның еркектерге де тән болуы мүмкін деген идея талқылана бастады. XIX ғасырдың аяғында ғана "феминист" сөзі қолданысқа енді. Феминист деп суфражист қозғалысының белсінді мүшелерін атады. Кейін ол сөз бүгінгі таңда қолданылатын мағынаға ие болды.
Феминизм тарихы үш кезеңнен тұрады:
Алғашқы толқын: XIX ғасырдың аяғы — ХХ ғасыр ортасы. Алғашқы толқын белсенділері саяси тепе-теңдік пен білім алуға мүмкіндік үшін күресті. 1920-жылдың басында бидікке әйел адамдар дауыс бере алатын үміткерлер келген жағдайда мәселелердің бәрі шешілетіндей көрінген болатын.
Екінші толқын: 1960–1990-жылдар. 1950-жылдың аяғына таман Еуропа мен АҚШ аймағында алғашқы орынға саяси емес, тұрмыстық және мансап жолындағы тепе-теңдік мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Феминизмнің екінші толқын идеясы Симона де Бовуардың "Екінші жыныс" (Второй пол) деп аталатын кітабының шығуымен есте қалды. Ол кітабында "Нәзіктік пен әйел болмысы деген ұғым жоқ. Бұл тек бізді соның ізімен жүруге мәжбүрлейтін мәдени нұсқаулар" деген тұжырым айтқан. Бовуардың ойынша, қыздарды бала кезінен олардың орны екінші деп көрсететін, "жынысаралық иерархия" барына үйретеді.
Үшінші толқын: 1990–2008 жылдары. Бірінші орынға гендерлік біргейлік шықты. Бұл уақытта феминизмнң жаңа ағымдары қалыптасты: бөлімаралық және радикалды феминизм.
Үшінші толқын: 2008 жылдан бүгінге дейңн. Заманауи феминизм онлайн бағытқа ауысты. Белсенділердің негізгі алағы әлеуметтік желілер болса, талқыланатын мәселелердің көшін бодипозитив пен харассмент бастады.
Гендер
"Жыныс" пен "гендер" айырмашылығын түсіну өте маңызды. Жыныс – туабітті ер адам мен әйел адамды ажырататын биологиялық белгілер. Билогиялық жыныс адамның алғашқы және екінші реттік жыныстық белгілері арқылы анықталады. Негізінен жыныс мүшелеріндегі айырмашылықты айтуға болады.
Гендер дегеніміз – әлеуметтік нормалардың жиынтығы. Олар тек мәдениет шеңберінде ғана қалыптасады. Мысалы, әйел адам отбасының ұйытқысы немесе ер адамға жылауға болмайды және ол тек асыраушысы деген пікірлерді алуға болады. Гендерге байланысты түрлі стереотиптер қалыптасқан. Кейбір адамдар әйел адамдар ерлерге қарағанда логикалық нәрселердің шешімін жылдам табады, ал ер адамдар туғаннан бастап техникаға қызығады деп ойлайды. Шынында, бұның бәрі тек уақыт өте келе қалыптасқай тұжырымдар ғана.
Егер адамның биологиялық жынысы оның ішкі сезімімен сәйкес келсе, ғылымда оны цисгендер деп атайды. Оның екінші жағы бар. Оларды интерсекс-адамдар деп атайды. Олардың алғашқы және екінші реттік жыныстық белгілері стандартты әйел және ер адам тәніне сәйкес келмеуі мүмкін. Ер адам мен әйел адамды тек олардың жыныстық мүшелері ғана емес, ішкі репродуктивті жүйе де анықтайтынын естен шығармаған жөн. Мысалы, жыныс мүшесі ер азаматтыкі болып, репродуктивті жүйесі әйелге сай келетін жағдайлар бар. Оны оның мінез-құлқы арқылы да анықтайды. Олардың хромосомаларында да айырмашылық бары байқалған. Мысалы, ғылымда ерлер хромосомасы XY болса, әйелдердікі ХХ екені көрсетілген. Ал интерсекс-адамдарда XХY, XХYY сынды хромосомалар кездесетіні анықталған.
Т. Есқали