- Негізгі бет
- Білім
- Еліміздің үздік педагогтері...
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
"Үздік педагог" атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
Биыл конкурстың республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейін және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.
"Үздік педагог" атағының иегерлерін таңдау үшін Конкурстық комиссияның құрамы бекітілді. "Үздік педагог" атағының иегерлерін анықтайтын конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, "Kazakhstan Parents Union" қоғамдық қорының төрағасы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының "Әлем мұғалімі – Қазақстанда" жобасының үйлестірушісі, "ADAL BILIM" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, "Серпін" Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.
Атаулы конкурста 9 жыл ішінде "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілді. Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері Мұғалімдер күні қарсаңында анықталады.