- Негізгі бет
- Білім
- Экономика саласы бойынша...
Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығына америкалық ғалымдар ие болды
Фото:
The Nobel Prize
Экономика саласы бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығына америкалық ғалымдар Уильям Нордхаус пен Пол Ромер ие болды.
- Уильям Нордхаус және Пол Ромер тұрақты экономикалық өсудің іргелі мәселелерін шешудің әдістерін жасағаны үшін ие болды, - деген ресми хабарламада.
Ғалымдардың еңбегіне баға берген мамандар табиғат, тәжірибе және білім тұрғысынан нарықтық экономиканы модельдеу әдістерін едәуір кеңейткенін ерекше атап өткен.
2018 жылғы Нобель сыйлығын ресми түрде табыстау рәсімі 10 желтоқсан күні Стокгольмде өтеді. Марапатты Швеция королі Густав XVI табыстайтын болады.
Н. Үсенова