Дата журналистика жайлы не білеміз?

Дата журналистика жайлы не білеміз?
Фото: rocketnow.com

Сандар мен деректерге негізделген журналистика саласы – "деректер журналистикасы".

Қазіргі кезде ақпарат саны адам сенгісіз жылдамдықпен өсіп жатыр. Күн сайын ақпарат ағынын өзімізден өткізіп, түрлі жайтқа шолу жасаймыз. БАҚ-та қандай да бір жаңалықты хабарлап қою жеткіліксіз екенін заман талабынан байқап отырмыз.

Сандық технология дәуірінің белең алуы да журналистика саласының жаңа бағытының дамуымен қатар, сандық деректермен жұмыс жасау шеңберін ұлғайтты. Көптеген БАҚ сандармен, мәліметтермен жұмыс істей бастап, олардан дереккөздер шығарды. Бұл "деректер журналистикасы" немесе "дата журналистика" деген үлкен атауға ие болды.

Деректер журналистикасында материал жаңалықтар себебіне немесе құбылысына емес, статистикаға, сандарға, мәліметтерге, есептерге негізделген. Осы тұрғыда дата журналист өз материалын жасау үшін әртүрлі деректі пайдаланады. Бұл статистикалық мәліметтер, есептер немесе сандық негіздегі ақпарат болуы мүмкін.

Журналистиканың бұл саласы қиын да, қызықты екені мәлім. Алайда дата журналистер іскерлігімен жоғарыда аталған деректер негізінде қызықты материал жасай алады. Мәліметтерді қоғам қызығушылығындағы маңызды журналистік зерттеулерінде келтіре отырып көкейдегі сауалға деректер арқылы қысқа да нұсқа жауап беріп, болашақта неғұрлым маңызды шешімдер қабылдауға итермелейді.

Дата журналистика мәселенің түбіне жетуге, себептерін анықтауға және деректер негізіндегі ақпаратты аудиторияға дұрыс ұсынуға мүмкіндік береді. Дата журналист қолға алған проблемасы туралы ақпаратқа ие бола отырып, қоғам игілігі үшін негізделген оң шешімдер қабылдай алады.

Bugin.kz

Қ. Слямбек