- Негізгі бет
- Білім
- Бүгін – блог...
Бүгін – блог күні
Адамзат ғылымның барлық саласын барынша меңгеруге тырысуда. Бірақ, дәл қазіргі сәтте компьютерлік жүйенің орны ерекше. Әсіресе, интернет көмегімен атқарылатын істерге деген сенім мол. Адам дамимын, өсемін, меңгеремін және пайда табамын десе оған бастар жолдар көп. Соның бірі – блог. Тіпті, блогтың өзіне
тән мерекесі бар.
Бүгін – блог күні. Блог күні 2005 жылдан бастап, түрлі елдерде аталып өтіледі.
Блог күні неге дәл 31-тамыз?
Өйткені, «blog» сөзі визуальды тұрғыдан қарағанда 3108 сандар қатарына қатты ұқсайды. Дәл осы күнді таңдауға ешқандай тарихи оқиға себепші болған жоқ. Небәрі креативті ойлау керек еді.
Алғашқы блог қашан жазылды?
1994 жылы студент Джастин Холл өзінің алғашқы желідегі күнделігін жүргізе бастайды. Арада 3 жыл өткен соң, онлайн күнделік «Weblog»терминімен алмасады. Оны өңдеген «Robot Wisdom» атты интернет-күнделіктің редакторы Джон Бергер болатын.
«Weblog» термині қандай мағына береді?
«Weblog» – «loggin the web» тіркесінің қысқартылған нұсқасы. Бұл қазақша «Желіде күнделік жүргіземін» деген мағынаны білдіреді.
Қызықты деректер:
• 1999 жылы блог жүргізуге арналған тегін сервис қолданысқа енеді. Ол «Blogger» деп аталды.
• Блог күні мен блоггерлер күнін шатастырып алмаңыз. Бұлар – екі түрлі мереке. Блоггерлердің атаулы күні – 14 маусым.
Блогтың қандай түрлері бар?
• Жеке блог – адамдар өздерінің ойын еркін жеткізуі үшін керек.
• Тақырыптық блог – белгілі бір тақырыпқа арналған блог.
• Бизнес-блог желі арқылы бизнесті қолдау және дамыту үшін жазылады.
• Қоғамдық немесе әлеуметтік блог – адамдармен қарым-қатынас орнату мақсатындағы блог.
Блоггер ретінде жаңа бастамаларды дүниеге әкеліп көріңіз. Мүмкін, бұл күн сіз үшін де мерекеге айналар.
Т. Есқали