Брайль шрифті деген не және ол не үшін керек?

Брайль шрифті деген не және ол не үшін керек?

Брайль шрифті ХІХ ғасырда әскери құпияны сақтап, бөлісу үшін ойлап табылған, алайда ол зағип адамдардың пайдасына жарады. Бұл қандай шрифт? Оның құрылымы қандай?

Брайль шрифті деген не?

Рельеф-нүктелі шрифтіні басында әскерде пайдаланған. Оны криптограф, офицер Шарль Барбье "түнгі әліппе" деп атаған. Себебі бұл шрифтіні әскери адамдар түнгі уақытта ақпарат алмасу үшін қолданған. Солдаттар тыңшылардан сақтанып, үн шығармай ақпарат алмасатын болған. Бірақ бұл әдістің ғұмыры ұзақ болмады. Әскери адамның барлығы бірдей Брайль шрифтін үйрене алмады.

Дегенмен бұл өнертабысты Луи Брайль есімді 15 жастағы оқушы жетілдіре бастайды. Ол зағиптарға арналған музыка  мектебінде оқып жүріп, 1824 жылы "түнгі әліппемен" танысады. Брайль 1829 жылы шрифтінің бірінші нұсқасын жасап, институт кеңесіне ұсынады. Олар шрифтінің зағиптарға ыңғайлы болғанымен, оқытушыларға қиын болатынын айтады. Бірақ зағип оқушылардың талабымен Брайль шрифті қолданысқа 1837 жылы ене бастады. Сол жылы ең алғаш Брайль шрифтімен жазылған "Франция тарихы" кітабы басылып шығады. Осылайша бұл шрифт музыкант Луи Брайльдің құрметіне аталып кетті.

Брайль шрифтінің құрылымы қандай?

МЕМЫ: Шрифт Брайля | BTnews.me

Рельеф-нүктеден тұратын шрифт әрпінің ауданы – 3х2. Максимал 6 нүктені сыйдыра алатын әріпте нүктелер әртүрлі орналасады. Осылай 64 комбинация жасалған.

Брайль шрифтінің теріс таңбасы қатар жүреді. Бұл жазуды қағазға артынан басқанда екінші бетіне оң болып түсуі үшін керек.

 
Massaget.kz