«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 700 стипендия бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов айтты.
«Биыл 700 стипендия бөлінді. Бұл өткен жылға қарағанда 100 стипендия көп деген сөз», — деді ол.
Ғ.Нығметовтің айтуынша, құжаттар үш кезең бойынша қабылданады. Бірінші кезең 11 сәуір-13 мамыр аралығы, екінші кезең 13 маусым-29 маусым аралығы, үшінші кезең 15 тамыз-30 қыркүйек аралығы.
Сәуір айында үлгермегендер қыркүйектің аяғына қарай құжат тапсырады. «Стипендияға тиісті құжаттарды үш түрлі әдіспен тапсыруға болады.
Бірінші, цифрлы қол қоюмен электрондық үкімет порталы бойынша, екінші, «Азаматтар үшін үкімет» (бұрынғы ЦОН) мемлекеттік корпорациясы бойынша, үшінші, Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на өз қолымен немесе сенім хат бойынша», — деп түсіндірді Ғ. Нығметов.
Дереккөз: munara.kz