Бүгін Петропавл қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Ныгыметовтің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу өтті.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Г.Ныгыметов мемлекеттік қызметшілермен, мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерімен, инженерлік-техникалық қызметкерлермен, мәдениет және БАҚ саласының өкілдерімен, оқытушылармен және ғылыми қызметкерлермен, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында тұратын «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесті.
Іс-шара шеңберінде «Болашақ» халқаралық стипендиясын іске асыру мәселелері, үміткерлерді іріктеу кезінде сапаны арттырудың жаңа бастамалары мен өлшемдері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар тілдік даярлықтың жаңа моделін енгізуге, оқу үшін мамандық пен шетелдік жоғары оқу орындарын таңдауға қатысты «Болашақ» стипендиаттарын оқытуды ұйымдастыру бойынша сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.
Бұған қоса, қатысушылар бағдарлама түлектерінің еңбек қызметін жүзеге асыруы бойынша мерзімдері мен міндеттемелеріне қатысты ақпаратты талқылады.
Дереккөз: Baq.kz