«Болашақ» бағдарламасы аясында талапкерлердің ағылшын тілі деңгейіне қойылатын талаптар күшейтілді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Ғани Нығыметов мәлім етті.
«Биылдан бастап, «Болашақ» бағдарламасы аясында талапкерлердің ағылшын тілі деңгейіне және жұмыс өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу үшін IELTS жүйесі бойынша 5 баллдан артық жинау қажет. Бұл ағылшынның орташа деңгейі деген сөз. Егер бұрын тіл білімінің бастапқы деңгейімен өте берген болса, енді ағылшын тілі орташа деңгейде болуы тиіс», - деді Ғ.Нығыметов.
Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы 601 стипендия берілген. Олардың ішінде 80 пайызы магистратураға, қалған 20 пайызы тағылымдамаға берілген.
Дереккөз: inform.kz