Бас қатыратын сұрақтар

Ғылымда адам санасын сан-саққа жіберіп, ойға қалдыратын түрлі интеллектуалды ойын мен сұрақ көп. Олар мидың жетілуіне, өсуіне және қалыптасуына көмектеседі. Бұл ғылым тұрғысында дәлелденген нәрсе. Соның ішінде ойлануға апаратын сұрақтар сіздің миды жауабын тапқанша мазалайды. Ал бұл мазасыздық ешқандайда дерт емес, мидың жұмыс белсенділігінің артуы. Ендеше сіз бен біз миымызды іске қосып көрелік.

1. Халықаралық әуетасымалдаушылардың заңына сәйкес ұшақтың бір қатардағы орындығына қандай екі жолаушы қатар отыруына болмайды?

2. Иранда кондуктор не үшін автобус ішімен арлы-берлі жүрмей, тура ортада тұрады?

3. 1445 жылы Мәскеуде аяқ астынан өз-өзінен қоңырау соғылып, жұрт мұны «ақыр заман» келді деп түйген. Дегенмен «ақыр заманды» 1091 жылы киевтіктер, 1230 жылы владимирлер, 1626 жылы соловчандар, мәскеуліктер тағы 1802 жылы көрді. Сонды бұл не болғаны?

4. Түбі бирмалық халық шошқа өсіріп, оларды қытай сатып, кейін қайта сатып алатын болған. Мұндай пайдасы жоқ сауданың кімге керегі бар?

5. Күн сайын Жер шары 400 тоннаға артып отырады. Ненің есебінен?

6. Ресей, Түркия және Мысыр елдерінде  қандай географиялық ерекшеліктер бар?

7. Колумбияның Музо ауданында тауықты өлтіруге болмайды және тек мемлекеттік қызметкердің рұқсатымен ұстауға болады. Бұл қызық заңның ерекшелігі неде?

8. Пеле өзінің «Мен – Пелемін» атты кітабын шығарғаннан кейін оған білім министірлігі алтын медаль берген. Не үшін?

9. Африканың тропикалық мекеніне қарай түнделетіп жол тартқан кей тұрғындар аяқтарын жәндіктер толған қапқа орап алады. Неге?

10. Әлемдегі ең қысқа өзен АҚШ жерінде орналасқан. Оның ұзындығы 134 м. Қысқалығымен қатар атауы да қызық. «Д» әрпінен басталатын ең қысқа өзеннің аты қандай?

Жауабы