Қазіргі қазақ әліпбиіндегі 42 әріптің барлығы қолданылған сөйлем білесіз бе? Мұндай сөйлемді панграмма деп атайды екен.
Панграмма қаріп демонстрациясы, баспа құрылғыларын тестілеу, стеганография жасағанда қолданылады. Көбіне жаңа қаріп орнатқанда панграмма арқылы әріптердің қалай жасалғанын көруге болады. Орысша "Съешь этих мягких французских булочек, да выпей чаю" немесе ағылшынша "The quick brown fox jumps over the lazy dog" деген сөйлемдер – кирилл, латын әріптерінің барлығы қолданылған танымал панграммалар. Панграмманың тағы бір талабы – сөйлем барынша қисынды болуы тиіс.
Қазір қазақ тілі жиі қолданылатын панграмманы қажет етеді. Осы мақсатта UX дизайнер Ілияс Жолдасбаев qazpangram.web.app – "Қазақша панграмма генераторын" жасап шығарды.
Мұнда кез келген қолданушыға өз панграммасын жасау ыңғайлы. Қолданылған әріп саны мен қалған әріптер көрсетіледі.
Желі қолданушылары қазақша өз панграммаларын ұсынып жатыр:
– Щучинск съезіндегі өрт пе? Вагон-үй, аэромобиль һәм ұшақ фюзеляжы цехінен ғой;
– Ғафу, Перельманн һәм Сюрковский үшеуі қысты күні Янцзы және Хуанхэ өзендерінен объективті себептермен ұшып өте алмаған;
– Янцзы һәм Хуанхэде үй шөңгелі ық жағы тұщы. Фьючерсі объектив пе?
– Жоға, Янцзы, Хуанхэ тұщы һәм үй шөңгелі ық. Фьючерс объектив пе?