- Негізгі бет
- Білім
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атауы өзгере ме?
Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының 2017 жылғы қорытындысы шықты. Нәтижесінде 83 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көш бастады.
Қазақстандағы ең бетке ұстар әрі көшбасшы университет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық QS рейтингісінде ең үздік 250 университеттің қатарына кіріп, 236 орынға тұрақтаған болатын. Бұл үлкен жеңіс.
Кеше ғана «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Қазақстанның үздік ЖОО рейтингі – 2017» ақпараттық мақаласында төмендегі суретте көріп тұрғандарыңыздай түсінбеушілік туындап жатыр.
Ұлттық статустағы университеттің «Қазақ» атауының орнына «Қазақстан ұлттық университеті» деп жазылған. Қателік болуы мүмкін деген күннің өзінде басқа-басқа ең бірінші көш бастап тұрған ЖОО-ның өзгеріске ұшырауы көңілге күдік тудырады. Басқа жоғары оқу орындарының атаулары дұрыс жазылған. Дегенмен өзгеруі мүмкін бе?
Басты себеп, аталған көшбасшы университеттің халықаралық деңгейдегі беделінің өсуі болуы бек мүмкін. Университет алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі ең үздік университетке айналып жатса, оның бренд атауы «Қазақ» деп емес «Қазақстан» деп өзгертілуі орынды жағдай болуы мүмкін. Бұл біріншіден елдің атауын көрсету және университеттің қай елде орналасқаны жайында ақпарат береді.
Бұрын атап көрмеген атау аяқ асты өзгеріске ұшырап жатса, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университеті» деп аталуын құптар ма едіңіз?
М. Ақан