АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Назарбаев Университетінде студенттерге арналған дәрісін қазақ тілінде бастады.
Дәрісханаға кірген бойда ол: «Қайырлы күн! Қош келдіңіздер!» деді студенттерге қаратып айтқан сөзінде. Бұдан кейін Джон Керри Геннадий Головкин жайында айта келе, Қазақстан боксшысы спортта өзін жоғары деңгейде көрсете алғандығын атап өтті.
Сонымен қатар ол ежелден Орталық Азия сауда желісі дамыған үлкен өңір болғанын, Қазақстан осы саудада маңызды жер болғанын сөз етті. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ Орталық Азиядағы мемлекеттермен әрдайым ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі.
«Біз бірлесе отырып Еуразия нарықтарын Еуропамен және Қытаймен біріктіре аламыз және одан барлықтары ұтады. АҚШ осыны түсінеді, сондай-ақ біз Орталық Азияны қолдаймыз», – деді Джон Керри.
Дереккөз: nur.kz
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Назарбаев Университетінде студенттерге арналған дәрісін қазақ тілінде бастады.