- Негізгі бет
- Білім
- Ағылшын тілін үйренуге...
Ағылшын тілін үйренуге арналған 5 подкаст
Кез келген тілді үйренуде кітап оқу, сериал мен фильмді субтитр арқылы қарау, шетелдіктермен жиі сөйлесу маңызды рөл атқаратынын білеміз. Дегенмен, тіл үйренуде баяу қалыптасатын дағды – тыңдалым. Бұл дағдыны жетілдіру үшін подкасттан артығы табылмайды. Бүгін ағылшын тіліндегі ең үздік 5 подкастты назарларыңызға ұсынамыз.
The English We Speak
Бұл подкастты BBC шығарады. Демек, сапасына күмән келтірмеуге болады. Бір аудионың ұзақтығы – 2-4 минут. Аптасына бір рет жаңарып отырады. Диктордың сөйлеу мәнері баяу әрі анық. Pre-intermediate және intermediate деңгейіне сәйкес келеді.
Elementary Podcasts
Сабақтардың барлығы жарты сағатқа созылады және pre-intermediate/intermediate деңгейіне лайықталып жасалған. Подкастар диаолог түрінде, әртүрлі тақырыпты көтереді. Әр аудионың астында стенограмма мен арнайы тапсырмалар бар.
Culips ESL Podcast
Подкастар сайты арнайы бөлімдерге жіктелген. Бірінші бөлімде ағылшын тілінде түрлі тақырыпты қозғайтын подкастар болса, екіншісінде тұрмыс тақырыптары негізінде құрылған баяу ырғақты аудио құжаттар жинақталған. Ал, бір бөлімі сленгтерге арналады.
Voice of America
Бұл сайтты жаңалықтар порталымен салыстыруға болады. Бұл жерден әлемдік жаңалықтар, ғылым, тренд және өзекті тақырыптар аясында жасалған аудиоларды табасыз.
Grammar girl
"Үздік білім беретін подкаст" номинациясын бес рет жеңген сайт ағылшын тілін жаңадан үйренушілерге келмейді. Бірақ, тақырыптары мен лексикасы – сөздік қорды көбейтіп, білімін жетілдірем деушілер үшін таптырмас көмекші.