Кез келген тілді бір курсты оқып меңгеріп алу мүмкін емес. Сол тілдік ортада жүрмесеңіз, өткен тақырыптарды жиі қайталап тұру аса маңызды. Ал бүгінгі біз ұсынғалы отырған жазбада миды ағылшынға ойлауға бағдарламалайтын жаттығулар туралы ақпарат береміз. Дайынсыз ба? Buckle up!
Енді бастағандарға
Сізге қалам мен парақ керек. 5-6 бағанға countries (елдер), emotions (эмоциялар), food (тамақтар), clothes (киімдер), colors (түстер), verbs (етістіктер) деген тақырыпшаларды жазыңыз. Ұялыңызды оятқышына 5 минуттан кейін шырылдайтындай етіп бекітіңіз. Сол 5 минут аралығында осы тақырыпшаларға мейлінше көп сөздерді еске түсіріп жазып шығыңыз.
Бұл жаттығуды келесіде жасағанда ізденіңіз, кейін сөздік қорыңыздың артқанын көресіз. Мәселен, бастапқыда мүмкін emotions (эмоциялар) бағанында happy (бақытты), sad (мұңды), angry (ашулы) деген сөздерден бастап жазсаңыз, уақыт өте келе сол бағанда devastated (бос қалғандай сезім), confused (сезімі адасқан), delighted (көңілі толды) деген тәрізді күрделірек сөздерде қосылғанын байқайсыз.
Қолыңыз да, миыңыз да әбден үйренген кезде кез келген әріпті таңдап аталған бағандарға сол әріптен басталатын сөздерді жазып шығыңыз. Мысалы, В әрпін алайық. Осы әріптен келетін елді, эмоцияны, тамақты, киімді, түсті, етістікті білесіз бе? Жауабыңызды пікірге қалдыра отырңыз.
Оқып жүргендерге
Google ұсынған Semantris ойынында ағылшын сөздеріне ассоциация ойластырып табу керек. Егер жасанды интеллект сіз енгізген сөздерді түсінсе, сізге ұпай беріледі. Бұл ойынды ойнаудың екі әдісі бар: бірі – аркада, екіншісі – тетрис секілді.
Аркадада ең бастысы – жылдамдық. Уақыт өткен сайын жаңа сөздер үсті-үстіне келіп түседі, егер ассоциацияны ұзақ ойлап кетсеңіз, сөзден құралған мұнара экранның сызығына жеткенде ойын бітеді. Басында kitten (мысық), time (уақыт), rain (жауын) секілді қарапайым сөздер беріледі. Бара-бара күрделенеді: тіпті nuclear power (ядорлық энергия) мен hubcap (дөңгелек қақпағы) сөздеріне дейін жетеді. Басты қағида – біржұрнақты сөздерді қолданбаңыз. Егер экранда Stonehenge деген сөз берілсе, сіз stone деген ассоциацияңыз үшін айыппұл аласыз. Ойында өате жазылған сөз есептелмейді.
Тетрис – страдегиялық. Мұнда біртүсті кірпіштерді тезірек бұзу керек, себебі аркададағыдай сөз мұнарасы экран шыңына жетпеуі тиіс. Ойыншы экрандағы барлық сөздің ассоциациясын тауып жазса, кірпіштер бұзылады.
Мысалы, water және fish сөзі берілді делік. Сізге fish сөзін жою керек, себебі сол сөз экранның шыңына жақындаған бағанды бұза алады. Қай ассоциацияны таңдаған дұрыс: river, fin не swim?
Ең дұрысы, fin – жүзгіш. Жасанды интеллект жүзу сөзі екі кірпішті де бұза алады.
Сөйлесе алатындарға
The Secret Door сайтында гугл-картадағы кез келген мекенге аттана аласыз. Мәселен, SeaWorld Orlando тақырыптық паркіне, Лондонның бір жеріндегі кофешопқа, Жапониядағы Рюдзу сарқырамасына барыңыз. Ал сіз сол уақытта географиялық біліміңізді қосып, білетіндеріңізді ағылшынша суреттеп шығыңыз. Ілінген маңдайшаларға, суреттегі даяшыға, пейзажға қарап қай мекен екенін таупы көріңіз. Барлық сөйлеміңіз ағылшынша құрылуы керек:
I’ll make a guess that it’s… because… — Менің ойымша, бұл…, себебі…
Judging from… , it's… — Мына… қарап отырып, бұл…
Айтқандарыңызды тексеріп, қатемен жұмыс жасау үшін диктофонға жазып отырыңыз.
Ал мына сөздер тізімі сізге керек болады:
lush — үлпілдек (өсімдіктерге қатысты)
pristine — жабайы
cliff — жартас
valley — жазық
scenery — пейзаж, ландшафт
cobbled — төселген
abloom — гүлдеген
hilly — белес-белес