- Негізгі бет
- Білім
- Адамзат интеллекті жыл...
Адамзат интеллекті жыл сайын төмендеп бара жатыр
Норвегиялық ғалымдар Бернт Братсберг пен Оле Рожеберг Ұлттық ғылым академиясында әр ұрпақ IQ-тесттер бойынша бұрынғылардан төмен нәтиже көрсетіп келе жатқандығы туралы нәтижені жариялады.
Өткен ғасырдың бірінші жартысында ғылымдағы өркендеу жыл сайынғы адамдардың ақылды, білімді бола бастағанының белгісі еді. Бірақ кейін айқындалғаныдай адам интеллектісінің өсуі аз ғана уақыт болған. Бұл кейбір мемлекеттердегі медицина ғылымы мен азық-түліктің жеткілікті дәрежеде болуымен байланысты дейді ғалымдар.
Ал, бүгінгі күнге кеп, керісінше, адамзат ақыл-ой қабілеттілігі төмендеп бара жатыр. Норвегиялық ғалымдар 1970 жылдан 2009 жылға дейінгі әскери қызметке шақырылған жастар арасында өткізілген 730 мың IQ-тест нәтижелеріне қарап осындай қорытындыға келіп отыр. Зерттеулерге қарағанда әрбір ұрпақ орташа есеппен бұрынғыларға қарағанда 7 балдан жоғалтып отырған.
"Заманауи балаларға отбасысының тұрмыс деңгейі олардың интеллектіне әсерін тигізіп жатқан жоқ. Өткен ғасырмен салыстырғанда осы ғасыр балаларының білім алуы үшін барлық қолайлық үйде де, түзде де жасалған. Заманның компьютерленуі көбірек теріс нәтиже көрсетіп жатыр. Балалар компьютермен білім алудың орнына ойындарға көп уақытын жұмсап жатыр", – дейді зерттеушілер.
Ғалымдардың пікірінше, зияткерлік деңгейінің төмендеуі қоршаған ортаның ластануы, олардың тұтынатын тағамдарында балықтан жасалған өнімдердің аз болуы да себеп болуы мүмкін екен.
Т. Раушанұлы