IQ – адамның білім көкжиегін анықтайтын көрсеткіш. Зияткерлік танымының нәтижесінде көптеген тұлға IQ тесттерінен жаңылмай өтіп, жоғары көрсеткішке ие болып жүр. Біз де өз кезегіміз де IQ анықтау үшін көмектескіміз келеді.
Жеңілден күрделіге қарай жүйесімен жүріп отырамыз. Бүгінгі жазбамыз алғашқы қадам деп біліңіз. Бүгін сөйлеу кезінде қолданылатын сөздер үшін арнайы тест құрастырдық. Тест 18 жеңіл сұрақтан тұрады.
Аналогия 1
Берілген тапсырма бойынша бір-біріне сәйкес келетін сөздерді таңдау керек. Мысалы, төмен биіктік үшін: аспан, жер, ағаш, тал: бұл жерде «аспан» мен «жер» сөзі берілген тапсырма үшін бір-біріне сәйкес келеді.
1. Ит күшік үшін (піл, бұзау, сиыр) секілді;
2. Шеңбер шар үшін (үшбұрыш, шаршы, параллелепипед, текше) секілді.
Синоним
Мағынасы бір-біріне жуық сөздерді табыңыз. Мысалы, еден, алаша, кілем, линолеум (алаша мен кілем бір-біріне жақын)
3. Үлкен, тұтас, алып.
4. Бос, кең, толық, тұтас.
Мәтінді түсініңіз
Төменде берілген үзіндіні оқыңыз. «Қажетті сөздер» қатарында тұрған сөздердің жанында жақша ішінде әріптер бар, сол әріптермен бос орындарды толтырыңыз. Бір сөзді екі рет қайталауға болмайды. Бір сөз бос қалуы тиіс.
5, 6. Күн ұясына ..., ... сәулесі қиылып барып ..., ал ... көлеңкеленеді.
Қажетті сөздер: Ұйықтарда (А), күн (Ә), жатарда (Б), ауа (Г), түседі (В), дала (Д), үзіледі (Ғ).
Артығын табыңыз
Сөздер тізбегінен қалған сөздерге қатысы жоқ екі сөзді табыңыз. Мысалы: бақша, күрек, көгершін, шанышқы, су.
7. сілеусін, қоян, ірбіс, ит, мысық.
8. көз, езу, күлкі, мұң, қабақ.
Жұлдыздар
Жұлдызша орындарына қажетті әріптерді қойыңыз. Кез келген әріптерді қоймайсыз, бұл әріп жақшаның оң жағындағы және сол жағындағы сөздермен сәйкес келетін сөздің құрамында кездесуі керек.
Мысалы, іл
Өмір (к**т) көлік
9. Өзен (а***ау) қала
10. Есеп (с***қ) гүл
Аналогия 2
Мұнда төмендегі сөйлемдерді аяқтау керек. Мысалы, жер – Биіктік төмендегі үшін аспанның ...ге деген қатынасындай.
11. Жас кәрі үшін баланың ...ге деген қатынасындай.
12. Ұшақ құс үшін сүңгуір қайықтың ...қа деген қатынасындай.
Антоним
Сөздер тізбегінен мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді табыңыз. Мысалы, ауыр, алып, жеңіл.
13. Өр, жаман, момақан.
14. Күйгелек, салмақты, сабырлы, мылжың, пысық.
Сөзді табыңыз
Сол қанатта көрсетілген сөздерге қарап отырып, жақша ішіндегі жұлдызшаларды әріптермен толтырыңыз, мағынасына мән беріңіз. Мысалы, ек – бірінші, екінші, үшінші :: бір (е**) үш.
15. Километр (метр) сантиметр :: жыл (**) күн
16. Үшбұрыш (шаршы) бесбұрыш :: төрт (***) алты
Синоним мен антоним
Әр қатардан мағынасы бір-біріне жуық не бір-біріне қарама-қарсы сөздерді табыңыз. Мысалы, 1. алаша, кілем, линолеум; 2. Жек көру, махаббат, өтірік
17. Жауап, жаза, құрмет, марапат
18. Алдау, жек көру, ұнатпау, сан соқтыру
Аса қиындығы жоқ секілді. Олай болса, іске сәт! Жауабын біраздан соң жариялаймыз.