Ресейде 8 жасында соңғы емтихандарын сәтті тапсырған Алиса Теплякова ақылы негізде Мәскеу мемлекеттік университетінің психология факультетіне оқуға түсті. Жақында 9 жасар қыздың әкесі Евгений Тепляков баласын мектепке қабылдау туралы келісімшартқа отырды.
"Біз грант бойынша оқуға шамамыз келмеді, бірақ қызымның жинаған ұпайы оны ақылы негізде оқуға түсуге жеткілікті болды. Факультетке барып, бүгін келісімшартқа отырдық. Оқудың бірінші семестрінің ақысын төлеу ғана қалды", - дейді қыздың әкесі.
Оның айтуынша, психология – бұл жоғары білім алудың жақсы бағыты.
Алиса Теплякова жазда мектеп бітіру емтихандарын тапсырып, 11 сыныпты бітіргені туралы аттестатын алған. Шілдеде ол 9 жасқа толды.
Алисаның отбасы Мәскеуде бір бөлмелі пәтерде тұрады. Одан басқа отбасында 6 бала бар. Оның ата-анасы ипотекаға үй алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ екенін, мемлекет тегін тұрғын үй бермейтінін айтады.
Алиса үйде оқиды, себебі мектеп білім беру жүйесіне кіре алмаған.
"4 жасында Алиса жазуды, оқуды және санауды жақсы білетін. Ол осы жаста 1-сынып бағдарламасын меңгерген болатын. Осыдан кейін біз оны мектепке бергіміз келді. Бұл туралы Ресей президентіне де жаздық. Алайда "мектепке 7 жастан бастап түсу ұсынылады" деген жауап келді. Бірақ Алиса 5 жасында 5 сынып бағдарламасын білетін. Содан кейін біз 2 жылдан кейін Алисаны мектепке жіберу немесе оған оқытуды жалғастыру туралы ойлана бастадық. Қысқасы, үйде оқытуды шештік, - дейді қыздың әкесі.
Үйдегі баларды әкесі оқытады, ал жары Наталья математикадан сабақ береді. Әкесі Алисаға күніне 3-5 сағат уақытын арнайды және қызының вундеркинд емес екенін айтады.
"Бұл қалыпты нәтиже. Жақсы есте сақтау және білім алуға бірегей көзқарас керек", - дейді Евгений Тепляков қызының табысын түсіндіріп.
Айта кетейік, мектепте ерте аяқтаған вундеркинд балалар туралы жазған болатынбыз.