- Негізгі бет
- Білім
- 2022-2023 оқу жылына...
2022-2023 оқу жылына мамандықтар бойынша гранттар тізімі жарияланды
2022-2023 оқу жылына арналған білім гранттар тізімі жарияланды. Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген.
2022-2023 оқу жылына арналған мамандықтар бойынша білім беру гранттарының тізімін Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайтынан мына сілтемелер – бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша көруге болады.
"2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 73 мыңға жуық грант бөлді. Ең көп грантты "Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы" білім беру бағдарламалары тобы алды, олардың саны - 17 794 грант. "Педагогикалық ғылымдар" – 10 810 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" – 9 103 грант, "Жаратылыстану, математика және статистика" – 6 288 грант.
Техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстардың үлесі 60 пайызға дейін ұлғайтылды", - деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар үшін квоталар саны ұлғайған. Көп балалы немесе әкесі немесе анасы жоқ отбасылардың балалары, сондай-ақ отбасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған үміткерлер грант алу мүмкіндігіне ие болады.
2022 жылы алғаш рет білім беру грантының жаңа түрі – Атырау және Маңғыстау облыстарынан 10 мың талапкерге оқуға мүмкіндік беретін "Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлерінің жастарының жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған нысаналы білім гранты" жарияланды.
"Атырау-Маңғыстау нысанасы" гранты бойынша конкурсқа ағымдағы жылғы мектеп түлектері қатыса алады. Сонымен бірге олар жалпы конкурсқа, оның ішінде "Серпін" бағдарламасына бір мезгілде қатыса алмайды.
"Білім беру гранттары, оның ішінде "Атырау-Маңғыстау" нысаналы гранты санының артуына байланысты бүгін тізім жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттардың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді. Талапкерлерге сенемін. берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
А. Оралқызы