- Негізгі бет
- Білім
- 2021 жылдың үздік...
2021 жылдың үздік ғылыми жаңалықтары анықталды
Ғылыми зерттеулерді жариялаумен айналысатын беделді Science журналы 2021 жылдың үздік ғылыми жаңалықтарымен таныстырды. Журнал ғылым саласындағы маңызды 10 жетістікті бөліп алған екен.
Рейтингтің басында тұрған әрі "жылдың ең озық дүниесі" әрине, COVID-19-дың вакцинасы. Ғалымдар биыл арнайы жасалған алгортимнің арқасында ақуыздың құрылымын алдын ала анықтап, болжам құруға мүмкіндік алған еді. Соның арқасында коронавирустың "Омикрон" нұсқасының құрылымын лезде анықтап, қорғаныс шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Журнал аталған жаңалықты да үздіктер қатарына қосқан.
Сондай-ақ ғалымдар биыл зақымсоңы нышаны синдромын (посттравматическое стрессовое расстройство) емдеудің жолдарын тапты. Бұл дәрігерлердің емдеу шараларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Тағы бір үздік ғылыми жаңалық археология саласында ашылды. Мамандар 1 млн жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары мен үңгірден табылған артефактілердің ДНК-сын бөліп алудың жолын тапты. Соның арқасында археологтар миллиондаған жылдар бұрын жер бетінде тіршілік кешкен биологиялық жаратылыс иелері жайлы мағлұмат алудың реті келді.
Ғылым саласындағы тағы бір үздік жаңалық – термоядролық қуаттың жетілгендігі. Термоядролық реакторды жетілдірудің арасында көбірек энергия өндірудің мүмкіндігі туды.
Рейтингке кірген тағы бір жаңалық – тұқым қуалайтын ауруларды CRISPR-терапия арқылы емдеудің жолы табылды. Бұл технология адам ағзасындағы генді өзгертуге, жаңартуға көмектеседі.
Қ. Слямбек