- Негізгі бет
- Білім
- 12 cәуір –...
12 cәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Ғылым – адамзат өміріндегі маңызды салалардың бірі. Ол қоғамды алға жылжытады, технологияны дамытады, өндірісті жетілдіреді және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнайы жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.
Қазақстан ғылым саласында 21 782 адам жұмыс істейді. Зерттеушілердің 35%-ы ғылыми немесе академиялық дәрежеге ие, олар – 1697 ғылым докторы, 4165 ғылым кандидаты, 1340 PhD докторы және 293 бейін бойынша доктор.
Ғалымдардың 34%-ы – 35 жасқа толмаған; 43%-ы – 35 жастан 54 жасқа дейінгілер; 23%-ы – 55 жастан асқандар. Әйелдердің үлесі – 54%, ерлер үлесі – 46%, - деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің 1034 субъектісін аккредиттеді, олардың 626-сы заңды және 408-і жеке тұлға.
Н. Үсенова