Бельгиядан шыққан 11 жастағы вундеркинд Лоран Симонс тарихтағы ең жас университет түлегі атанды. Бала Антверпен университетінде физика бакалавры дәрежесін алды.
Ол Бельгияның Остенд қаласында дүниеге келген. Жоғарғы оқу орнын 85% нәтижемен аяқтаған себепті оның орны өзге студенттерден тым ерек. Оның үстіне, курсты аяқтау үшін Симонсқа әдеттегідей үш жылдың орнына бар болғаны бір жыл ғана қажет болды.
Лоран Симонс одан да ерте бітіруі мүмкін еді, бірақ 9 жасында Нидерландтағы Эйндховен университетінен шығарылған болатын. Білім беру мекемесінің басшылығы баланың он жасқа толған күніне дейін, яғни, 26 желтоқсанға дейін диплом беруден бас тартты. "Мен тарихта ең жас университет түлегі атануды көздемеймін. Мен үшін ең бастысы - білім алу", - дейді Симонс De Telegraaf газетіне берген сұхбатында.
Бала алдына қойған үлкен мақсаттың бірі – мәңгілік өмірдің құпиясын табу: "Мен дененің көп бөлігін механикалық бөлшектермен алмастырғым келеді. Мен оны қалай жасау керек екенін ойлап таптым. Оның өзі бір үлкен басқатырғыш сияқты. Жұмбақтың шешімі ең кіші бөлшектер туралы ғылым, яғни, кванттық физикадан басталады", - дейді ол.