- Негізгі бет
- Білім ордалары
- Тоқаевқа 10-сынып оқып...
Тоқаевқа 10-сынып оқып жүргенде жазған хаты табысталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында 1970 жылы өзі бітірген Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясына барды. Бұл туралы Ақорда жазды.
Мемлекет басшысы заманауи интерактивті оқу құралдарымен жабдықталған кабинеттерді, акт залы мен мектеп кітапханасын аралады.
Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде өзі оқыған сыныпқа кірді. Қазіргі уақытта бұл кабинетте француз тілі оқытылады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1970 жылы 10 "В" сыныбының атынан өзі жазған хат көрсетілді. Бұл хат уақыт капсуласына салынып, мектеп қабырғасына қаланған екен.
"Біздің атқарған ісіміз аз емес, дегенмен әлі де жұмыс көп. Біз 10-сыныпты жақсы бітіруге уәде береміз. Институтқа түсу емтихандарын жақсы тапсыруға уәде береміз. Ал оны бітірген соң жұмыс істейміз. 2017 жылы 64-65 жасқа толған кезімізде сіздердің көздеріңізге тік қарауға ұялмайтындай болып келуге уәде береміз", – деп жазылған хатта.
Мемлекет басшысы заманауи интерактивті оқу құралдарымен жабдықталған кабинеттерді аралап көрді. Дәстүрді жалғастырған 11-сынып оқушылары мемлекет басшысымен бірге 2050 жылға арналған хатты уақыт капсуласына салып, мектеп қабырғасына қойды.