- Негізгі бет
- Білім ордалары
- Сессияны қалай тапсырамын?...
Сессияны қалай тапсырамын?
Жыл сайын 1-курс студентерін бұл сұрақтың мазалайтыны анық. «Қиындық туса қайтемін? «3» алсам не болады?» Сессия – аралық бақылау. Яғни, сіздің бір семестр бойына алған біліміңізді саралайтын емтихан.
Білімге деген қарым-қатынас:
Егер біз сізге көшірудің жолдарын ұсынады деп ойласаңыз қателесіз. Көшіру арқылы бір рет жолыңыз болады. Мүмкін, екіншісінен де сүрінбеуіңіз мүмкін. Бірақ, көшіру, ең алдымен, өзіңізді алдау.
Адам «бұл маған не үшін керек?» деген сауалға жауап бермей, жетістікке жете алмайды. Сіз мақсатыңыздың маңыздылығы мен айқындылығын түсініп қана, оған қол жеткізуге бар күшіңізбен тырысатын боласыз.
Сіз не үшін оқып жүрсіз? Баға үшін? Жұмысқа орналасу үшін? Жұмысқа келетін болсақ, шынайы жұмыс беруші ешқашан дипломға қарамайды, сіздің қолыңыздан келетін дағдылар мен қабілетке, шынайы білім деңгейіне мән береді. Егер жоғары оқу орнын таңдарда немесе мамандық таңдау барысында ата-анаңыз шешім қабылдаса, онда қай бағытта жүргеніңізді өзіңіздің ұғынбауыңыз әбден мүмкін.
Ата-анаңызбен сөйлесіңіз: Оларға өзіңіздің бағытыңыздың дұрыс емес екендігін, болашақ мамандығыңыз ұнамайтынын айтыңыз. Факультет пен ЖОО ауыстыру сіз ойлағаннан әлдеқайда жеңіл. Егер оқып жатырған мамандығыңыз бойынша жұмыс жасай алмайтыныңызды ұқсаңыз, ұзаққа бармай, бас тартқаныңыз жөн. Өйткені, болашақта бәрібір ісіңіз өнбесі анық.
Оқу барысына деген қарым-қатынасыңыз: Артта қалмасаңыз, қуып жетудің қажеті жоқ. Оқу жоспарына сәйкес жүріңіз. Сол сәтте мәселе туындамайды.
Алдымен, сіз емтихандар үшін оқып жүрмегеніңізді түсінуіңіз керек. Сіз өз ісіңіздің маманы болуға тырысыңыз. Сессия екінші орынға ілігіп, бірінші орында алған біліміңізді қолданып білу мүмкіндігі тұруы тиіс.
Егер жоғары оқу орнының қабырғасында жүріп, алар біліміңізді жетілдіруді қаласаңыз, мына кеңестерді есіңізде ұстаңыз:
Лекцияларға барыңыз, жазып алыңыз әрі сұраңыз. Осылайша ақпараттар бойыңызға сіңімді болады. Егер сұрақтар туындап жатса, сұраудан ұялмаңыз. Лекцияда айтылған құнды ақпараттардың барлығын жазып алыңыз.
Тәжірибеге барыңыз, тапсырмаларды орындаңыз: Осылайша алған біліміңізді қолданып үйренесіз. Теоретик адамдар ешкімге керек емес.
Сіздің мамандығыңызға қатысты салада қандай өзгеріс болып жатқанын аңғаруға тырысыңыз: Сіздің жазба жұмыстарыңыз жаңа бір ашылудың себепшісі болуы мүмкін. Бізде диплом жұмысын, жазба жұмысын көшіріп алу не өзге адамға жаздыртып алу әдетке айналған. Ал, сіз өзіңіз жазыңыз. Ізденіңіз. Есесіне, есіңізде қалатын болады.
Есте сақтаңыз:
Емтихан тапсырудан қашпаңыз: Бұл жерде ықтималдылық теориясы жұмыс жасайды. Егер сіз сынаққа немесе емтиханға келмесеңіз, оны тапсыру мүмкіндігіңіз нөлге тең. Тіпті, емтиханға дайындықсыз келсеңіз, тапсыру мүмкіндігіңіз нөл мен максимал бағаға арта түседі.
Жауап беру үшін не бірінші, не соңғы болып шығыңыз: Егер дайындалсаңыз, бірінші болып шығудан қорықпаңыз. Ал, соңғы болып көбіне дайындықсыз келгендер шығады. Себебі, олардың пайымдауынша, бұл уақытта мұғалім шаршап, артық сұрақ қоюға мүмкіндігі болмайды. Кім білсін, мүмкін, шын шығар?!
Алда келе жатқан аралық бақылауда сәттілік тілейміз!
Т. Есқали