- Негізгі бет
- Білім ордалары
- Назарбаев Университетінің Ашық...
Назарбаев Университетінің Ашық есік күніне тіркелу басталды
Назарбаев Университетіне қалай түсуге болады? Бұл cұрақ көптеген жас түлектерді қызықтырары анық. 26 қыркүйек күні Назарбаев Университеті виртуалды Ашық есік күнін өткізеді. Сол күні барлық сұраққа жауап алуға болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтың басты артықшылығы – материалдармен әлемнің кез келген жерінен танысуға болады. Магистратура, докторантура, бакалавриат бағдарламалары бойынша эксклюзивті ақпараты бар бейнематериалдар жоғары оқу орнының платформасында жарияланады. Барлық бейнероликтер сайтта 1 жыл бойы қолжетімді болады. Толық бағдарламамен танысуға, сондай-ақ іс-шараға осы сілтемеге өтіп тіркелуге болады.
Екінші бағыт – ZOOM сессиялары. Қатысушылар барлық сұрақтарға жауап алады, тіркеу басталды. Университет виртуалды форматта ашық есік күнін екінші жыл өткізіп отырғанын атап өткен жөн. Өткен жылы платформаға шамамен 4000 адам кірді, интерактивті сессияларға 1500 адам қатысты. Биыл ұйымдастырушылар қызығушылық одан да арта түседі деп күтуде.
Іс-шараға қатысушылар сондай-ақ диплом алғаннан кейін түлектер алдында қандай мүмкіндіктер ашылатынын біледі. Осы 10 жыл ішінде Назарбаев Университетінің қабырғасынан 5 800-ден астам жоғары білікті мамандар шықты. Қазір олар жетекші отандық және шетелдік компанияларда жұмыс істейді, тіпті Кремний алқабын да бағындыруда. Көбісі өз бизнесін сәтті ашып, жұмыс орындарын құрып, еліміздің және әлемнің жетекші университеттерінде оқуын жалғастыруда. Олардың жетістіктерінің сыры – олар одан арғы жолын университет қабырғасында жүріп-ақ таңдауында.
Назарбаев Университетінің түлектері – Қазақстанның "визит карточкалары". Жас, мақсатқа ұмтылған, олар біздің басты құндылығымыз – зияткерлік ресурстарымыз. Олардың жалпы саны 11 мың - қазіргі студенттер мен түлектер. Біз мансап жолын құруға, жоғары оқу орнынан кейін дұрыс таңдау жасауға, ал жұмыс берушілерге – олардың әлеуетін анықтауға көмектесуге тырысамыз”, - дейді Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының аға менеджері Ғайни Есембекова.
Жоғары оқу орнын таңдау – әрбір жас адам үшін мұқият зерделеуді талап ететін, маңызды шешім. Виртуалды Ашық есік күні – бұл НУ оқу ортасымен және қоғамдастығымен танысудың тамаша мүмкіндігі.
26 қыркүйекте Орталық Азияның жетекші университетімен танысудың бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Тіркелу осы сілтемеде.
Жарнама материал
Н. Үсенова