Коворкинг орталықтары адамдардың басын біріктіріп, идеяларды талқылып, кітап оқып, демалуға арналған арнайы жабдықталған кеңселер. Университет қабырғаларында бүгінде студенттер бос уақытын өткізетін арнайы орталықтар көбейіп жатыр. Сонымен қатар, студенттерден бөлек әртүрлі салада қызмет ететін адамдар үшін де коворкинг орталықтардың ашылуы сұраныстың барын білдіреді. Демек, коворкинг орталықтары бізге керек. Неге?1-себеп: Қолжетімді кеңістік 24/7Негізі дұрыс ұйымдастырылған коворкинг орталықтары 24 сағат, демалыссыз әрі мерекесіз жұмыс істеуі тиіс. Бұл бизнес саласында қызмет ететіндердің басым бөлігі келіссөздерге әртүрлі ел мен мекендерден келетіндігімен байланысты. Коворкинг орталықтардың басты байлығы олардың резиденттері, яғни, қолданушылар. Ал, ұйымдастырушы-директор сәтті қызмет етсе, өз байлығын жоғалтып алмау үшін кез-келген арыз бен өтінішті жан-жақты қарастыру керек. 2-себеп: Кездесуге арналған таптырмас орын:Студенттер демалыс уақытында бас қосып, берілген жоба жұмысын талқылайтын орын таппай қиналады. Ал, кәсіпкерлер уақытын үнемдеуге тырысады. Сондықтан, коворкинг орталықтар бұл жағдайлардан аман-есен шығуыңызға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, коворкинг орталықтар қоғамдық көлік аялдамаларын жақын және резидент тұтынатын арнайы көлік тұрағы бар аймақ болуы шарт. 3-себеп: Бәрі резидент үшін Коворкинг аймақтар кеңсе мен өзге жұмыс орындары секілді қатаң тәртіппен жабдықталған арнайы бөлмелерден ерекшеленуі керек. Резидент тек жұмыс жасап қана қоймай, жайлылық сезіну үшін, ұйымдастырушы креативті орта құрған дұрыс. 4-себеп: Тегін интернет желісі:Ең нашар коворкингтік аймақ қолжетімсіз интернет пен оның жылдамдығының төмендігі. Ал, жылдам жасайтын әрі кез-келген бұрыштан табуға болатын интернет көзі резиденттердің жұмағы. 5-себеп: Қарны тоқ:Коворкинг орталықтарда тамақтануға рұқсат бар. Әрине, кәуәп пісіріп, балық қуыра алмайсыз. Бірақ, жұмыс уақытында тынығып, шай не кофе ішіп, тәтті торттар мен кекстер арқылы жүрек жалғап алсаңыз болады. 6-себеп: Бірлесе қызмет ету:Өзіңізбен идеясы бір адамдарды, бірге жоспар құрып, болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік беретін жандарды жолықтыруға мүмкіндігіңіз бар. Сондықтан, кейде коворкинг орталықтарға барып, жұмыс істеңіз. Адамдармен қарым-қатынасыңыз күшейеді, достар табасыз әрі мотивация аласыз.