Қазақ елінің кемел келешегі - білімді əрі білікті жастарды қалыптастыруда əл-Фараби атындағы ҚазҰУ тағы да озық та дара тұрғанын кезекті рет дəлелдеді.
Сәуір айының 14-15 жұлдызы аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша VIIІ Республикалық студенттік пəндік олимпиада Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік университетінде өтті.
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология жəне əлем тілдері факультетінің 3-курс білімгерлері Жутаева Əсел, Наурызбай Сая, Маликова Мадина Ақтөбе қаласына республикамыздың 13 ЖОО – нан келген командалар басын қосқан дүбірлі додада ұлағатты ұстаздардың артқан сенімдері мен ерен еңбектерін ақтап бас жүлдені иеленіп 2016 жылдың ел чемпионы атанды.Команданың ғылыми жетекшісі доцент К.Күркебаев өз сөзінде: "Сайыс жоғары деңгейде өтті. Қарсыластардың барлығы дерлік қуатты біліммен қаруланған сайыпқырандар екен. Білім бәсекесі оңайға түскен жоқ. Алайда факультетіміздің оқытушы-профессорлар құрамының жүйелі еңбегі мен сапалы білім беру тəжірибесінің негізінде жеңімпаз тұғырынан көріне білдік" - деді. Санасы сергек, ойы ерек білімгерлер еңсеретін асу мен бағындыратын биік қазақ тілі мен әдебиеті үшін бұдан да жоғары екеніне сеніміміз мол.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - дың
филология және әлем тілдері факультетінің доценті,
ф.ғ.к., Күркебаев Кенжетай.